Ұлы махаббат хикаясы

  Тарихта ұлы әміршінің ғашығы ретінде аты танылған аласа бойлы Жозефина асқан сұлу болған жоқ. Алайда, бойында әйелдік тартымдылығы мен ерлердің жүрегін жаулап алғыш шеберлігі бар ол тегін әйел болмағаны хақ... Жозефинаның шын есімі – Мари Жозефа Роза. Ол қарапайым плантатордың отбасында туылып, он алты жасында Александр де Богарне есімді ауқатты жігітке тұрмысқа шығады. Онымен он бес жыл отауласып, бір қыз, бір ұлды өмірге әкеледі. Француз төңкерілісі кезінде отбасымен бірге темір торға түседі. Жозефина екі баласымен бостандыққа шықса, де Богарне дарға асылады...

   Жозефина ойын-сауыққа жақын, жеңіл жүрісті әйел болды. Онымен қоса, қолда барды оңды-солды шашып өмір сүруге құмар болды. Жесір қалып, еркіндікке қол жеткізген соң, көңілдестері көбейіп, солардың есебінен күн көретін. Оның әйгілі Бонапартпен танысуы жайлы түрлі нұсқалар бар. Солардың бірі – болашақ императормен оны Баррас есімді көңілдесі салтанатты жиындардың бірінде таныстырса керек. Ол кезде Наполеон тақта отырған император емес, қатардағы офицер болды. Сонда да өзінен алты жасқа кіші қарапайым жігітке көзі түсіп, Жозефина оны қонаққа шақырады. Ал Бонапарт әйелдің жасына, өткен өміріне, тіпті, көңілдестерінің көптігіне қарамастан, оған бірден ғашық болды. Той боларда Жозефина құжатқа жасын төрт жасқа кемітіп, ал күйеу жігіт Наполеон бір жарым жасқа ұлғайтып көрсетіп, қағаз жүзінде екеуі жасты болды.

   Жылдар өте, Наполеон француз елінің императорына, ал қарапайым тектен тараған оның жұбайы патшаханым атанды. Императордың оған деген сүйіспеншілігі бір сәтке де бәсеңдемеді. Керісінше, сүйікті жарға құштарлығы өрши түсіп, шалғай елдерге жорыққа аттанса да, оған ыстық сезімдерге толы ғашықтық хаттарын үзбейтін. Ал әрдайым ерлердің өзіне деген көңілі мен ыстық ықыласына бөленіп үйренген Жозефина жары жоқта, оған адалдығын сақтап тұра алмады. Император сапардан оралғанда, әйелі жайлы өзіне жеткен сыбыстар расталды. Әрине, білдей бір империя басшысы жарының алдында жүз пайыз адал болмағаны түсінікті. Алайда, сүйікті әйелдің зинасы кешірімсіз еді. Ашуға мініп, ажырасуға бел буған қаһарлы қолбасшыға әйелдік қулығын асырып, жары оны райынан қайтарды.  

   Жозефина ұлы империяға мұрагер болатын бала туа алмады. Сонда да жоғарғы билік иесі оны сүюді тоқтатқан емес. Бірақ француз династиясы иесіз қалатыны жайлы ой оны ажырасуға мәжбүр етті. Император Жозефинамен некесін бұзып, Австрия ханшайымы Мария-Луизаға үйленеді. Бірақ патшаханым титулымен бірге Жозефинаға Елисей сарайын, Мальмезонды, Наварр қамалын қалдырып, жылына үш миллион қаржы төлеп тұрды. Екінші әйелі ұл сыйласа да, сүйіктісінен алыстаған император бақытсыз еді. Және ажырасудан кейін де оған ғашықтық хаттарын үзбеді. Император Ватерлоода жеңіліс тапқаннан кейін, Әулие Елена аралына айдалды. Жозефина онымен бірге болуға ниет білдіргенмен, оған рұқсат етілмеді. Ол 1814 жылы Мальмезонада қайтыс болды. Ал әйгілі қолбасшы 1815 жылы қайта таққа отырып, 1821 жылы Әулие Елена аралында сүйіктісінің атын атап жатып көз жұмды. Ол өле-өлгенше Жозефинаны сүйіп өтті...  

 

Дереккөздер:

  1. www.pravda.ru
  2. www.5da.ru

Дайындаған: Салтанат Пердешқызы

0
түсініктер
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы: Франц Кафка – Фелица Бауэр
  Кафка неміс тілді тарихтың ең ұлы жазушылардың бірі. Алайда, жазушыларға тән тұйықтықпен қатар, ол оғаштау жан еді. Айналасымен көп араласпайтын, ұяң, тіпті, өзіне сенімсіздеу, бірақ аса сезімтал, мейірімді әрі жұмсақ еді. Ол шығармашыл тұлғаларға сай, сыртқы әлемнен оқшауланып, үнемі сан қилы кейіпкерлерінің арасында, ішкі үрей мен беймазал
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау