Аты аңызға айналған арулар

     «Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым,

   Сым пернені басып қара,

 Басып қара жырласын,»

 

 деген өлең шумақтарын мектеп қабырғасында жүріп жаттап өстік. Бірақ бала болып осынау өлең жолдарының мағынасын  жете түсіне бермейтінбіз. Бұл жыр шумақтарын автор Сәкен Сейфуллин би падишасы атанған Шара Жиенқұловаға арнағанын өсе келе әдеби кітаптардың парақтарынан білдік. Сәкен Сейфуллин ағамыз би еркесінің сахнадағы әрбір қимыл-қозғалысына, үнемі күн сәулесіндей нұр шашып тұратын ажары мен сыр сымбатына сүйсіне өлеңдетсе керек.

  Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Әкесінің есімі – Баймолда. Ол бүкіл Жетісу жеріне белгілі молда болған. Әкесінің ерке қызы Шараның биге деген қызығушылығын алғаш ашқан «Көкайрық» деген қырғыз-қазақ жеріндегі той-томалақта ер адамның билеуі еді. Сол сәттен бастап кішкентай Шара домбыра, сырнай тартылса болды, билей кететін. Өсе келе, өзі де ауылдағы той-томалақтарда жергілікті халықты мың бұралған билерімен тамсандырып жүрді. Сөйтіп он алты жасында ел арасында «Биші қыз» атанды. Осы жасында Алматы қаласында қырғыз-қазақ педагогикалық институттың табалдырығын аттады. Жоғарғы оқу орнында білім ала жүріп, би өнерін өзіне серік еткен қаршадай қыздың талантына талайлар таңдай қаға тамашалайтын. Шара болашақ жары Құрманбек Жандарбековпен де осы оқу орнында танысады. Сөйтіп өнерге деген үлкен қадамдарын өмірлік жолдасымен бірге Қазақ драма театрының шаңырағынан бастаған. Оның ең алғашқы ойнаған рөлі – жазушы Бейімбет Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліштің бейнесі болды. Содан кейін «Еңлік-Кебек», «Қаракөз» қойылымдарында басты рөлдерді сомдап жүрді.

        Еңбек жолын 1934 жылы бұрынғы Музыкалық драма театр, қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театрында жалғастырды. Мұнда да Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан», Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында ойнады. Қара шаңырақта жүріп, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, жиналған қауымды өзінің ерекше талантымен тағы бір тамсандырып қайтқан.

   Өзінің бар өмірін өнерге арнаған нағыз талант иесінің келесі қызмет еткен жері –  Қазақ филармониясы. Ол жерде 1940-1962 жылдары аралығында еңбек етті. Сонан соң, 1962-1966 жылдары Қазақ ән-би ансамбілінің басшысы болды. 1966-1975 жылдары Алматыдағы хореография училищесінің директоры болып тағайындалды. Жас шәкірттерді би шеберлігіне тәрбиелеп, қазақ би өнерінің дамуына сүбелі үлес қосты. Қазақ халқының би өнерін шетелге таныта жүріп, ол жақтың да ұлттық биін қазақ даласына әкелген тұңғыш биші – Шара Баймолдақызы Жиенқұлова.

Бірінші қатарда солдан оңға қарай: Шара Жиенқұлова (Кұрманбектің бірінші әйелі), Күләш Бәйсейітова, Евгений Брусиловский жұбайымен бірге. Екінші қатарда солдан оңға қарай: Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержанов. Алматы, 1936 жыл. 

   Қазақ ұлтын әлемге танытқан ұлы тұлғалардың бірі - Шара Жиенқұлованың есімі қазақ өнері тарихынан ешқашан өшпек емес.

 

Дайындаған: Салтанат Пердешқызы.

0
түсініктер
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы: Франц Кафка – Фелица Бауэр
  Кафка неміс тілді тарихтың ең ұлы жазушылардың бірі. Алайда, жазушыларға тән тұйықтықпен қатар, ол оғаштау жан еді. Айналасымен көп араласпайтын, ұяң, тіпті, өзіне сенімсіздеу, бірақ аса сезімтал, мейірімді әрі жұмсақ еді. Ол шығармашыл тұлғаларға сай, сыртқы әлемнен оқшауланып, үнемі сан қилы кейіпкерлерінің арасында, ішкі үрей мен беймазал
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау