Ұлы махаббат хикаясы

  Қарадан шығып, билік төріне дейін көтерілген қарапайым диқан баласы. Мысыр тарихындағы жалғыз перғауын әйел. Бүкіл елдің бір дәуірін гүлдендірген махаббат күші. Бұл – ежелгі Египеттегі Сененмут пен Хатшепсут хикаясы.

  Тарих беттерінде мінезді, атаққұмар, қулығы және даналығымен дараланатын әйелдер ғана қалатынын байқадыңыз ба?! Себебі қай заманда да, мыңның арасынан топ жарып шығу үшін тек келбеттің  келістілігі аздық етеді. Әсіресе, тек ерлер билеген өткен ғасырларда олармен тең ерлік көрсетіп, алға суырылып шығу әйел заты үшін екі есе күрделі. Алайда, жауынгер рухты, әрбірі өз алдына бір төбе нәзік жандылар қашан да болған.Солардың бірі – ежелгі Египетті басқарған жалғыз перғауын әйел Хатшепсут.

  Ел билеушісінің қызында өз еркі мен қалауы деген сирек құбылыс. Балалықты ертерек ұмытуға тура келген Хатшепсутке артық ойнап-күлуге, серуен салуға тыйым салынумен қатар құдайдың жердегі бейнесіндей сымбатты болу міндет еді.  Хатшепсут – XVIII династия өкілі Тутмос I перғауынның қызы. Әкесінің өлімінен кейін оның ағасы Тутмос II перғауын атанады. Ұсқынсыз ағасын жаны сүймесе де,  Хатшепсут оған тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Алайда, Тутмос II ауруға шалдығып, б.з.б. 1479 жылы көз жұмады. Жаңа перғауынның өлімінен соң, таққа оның кіші әйелінен туған Тутмос III келіп, Хатшепсут оның жанында отыз жасынан бастап бірнеше жыл бойы регент болады. Алайда, билікке құмарлық қанында бар қыз екінші орынға көнгісі келмеді. Елдің заңы бойынша, әйел ешқашан перғауын бола алмаса керек. Сол үшін қу әйел бет-әлпетін өзгертіп, сақал-мұрт жабыстырып, ерлерше киіне бастайды. Өзін Амон құдайдың баласымын деп жариялап, елді сендіру үшін жалған аңыз таратады.

   Хатшепсуттың Сененмутпен таныстығы оның жаңа бойжеткен шағында орын алды деседі. Жас ару күзетшілерімен кемеде жүзіп бара жатқанда, кемеге жағалаудан атылған оқ қадалады. Атқыш перғауынның қызына бірден ұнап қалса керек, оны бірден қолға түсіргенмен, басы аман қалады. Қолға түскен диқанның баласы Сененмут еді. Сарайға тұтқын болып түскен ол жылдар өте перғауын жанындағы жазбашы әрі сәулетшіге айналады. Сол кезден бастап, болашақ ел басқарушы қыз бен сәулетші көңіл қосып үлгерсе керек.

 Хатшепсуттың дәуірінде ешбір соғыс болмай, ел тек жан-жақты гүлдене түседі. Онымен қоса, патшайым жаппай құрылыс жүргізіп, алуан түрлі ғимараттар тұрғызады. Құрылыс жұмыстардың бәрін сарай сәулетшісі әрі Хатшепсуттың сүйіктісі Сененмут басқарса керек. Екеуінің жақындығы арта түсіп, сәулетші ел саясатына да араласып, сүйіктісінің кеңесшісіне айналады. Ол лауазымына лайық ақылды, зерек болды. Сенемуттың жазбаларында өзі туралы «елдегі ұлылардың арасындағы ең ұлы болдым» деп жазады. Патшайым мен Сененмуттың Меритра есімді қыздары болған деседі.

  Өлімнен кейін де сүйіктісіне жақын болу үшін Сененмут құпия түрде жұрт көзінен таса жерге өзіне мола салған көрінеді. Алайда, оны аяқтап үлгермеген. Ғашықтар жұбының өлімі жайлы әлі күнге анық емес. Бар болғаны, Хатшепсуттың б.з.б. 1458 жылы қайтыс болғаны белгілі. Кейбір дереккөздерде Хатшепсут тақ мұрагері Тутмостың қолынан қаза тапты делінсе, кейбірінде – Тутмос елден оны аластаған делінген.  Алайда, патшайымның да, оның сүйіктісінің де молалары бос болып шыққан. Сондықтан таққа Тутмос III келген соң, қос ғашық елден бірге қашып құтылуы да ғажап емес.

 

Дайындаған: Салтанат Пердешқызы.

 

0
түсініктер
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы: Франц Кафка – Фелица Бауэр
  Кафка неміс тілді тарихтың ең ұлы жазушылардың бірі. Алайда, жазушыларға тән тұйықтықпен қатар, ол оғаштау жан еді. Айналасымен көп араласпайтын, ұяң, тіпті, өзіне сенімсіздеу, бірақ аса сезімтал, мейірімді әрі жұмсақ еді. Ол шығармашыл тұлғаларға сай, сыртқы әлемнен оқшауланып, үнемі сан қилы кейіпкерлерінің арасында, ішкі үрей мен беймазал
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау