«Жұлдыздар шоғыры» Семирамида

 Адам айтқысыз сұлулықпен қатар бір бойында асқан даналық пен батырлық бар Семирамида есімді арудың анасы  әйел құдай Деркето деседі. Қарапайым адамға ғашық болғанына арланған Деркето қызын құзғындар таласын деп, тау бөктеріне тастап, сүйіктісін өз қолымен өлтіреді. Аңызға сенсек, қызды бақташылар тауып алғанға дейін кептерлер асырайды. Жылдар өте ол айдай сұлу бойжеткенге айналады. Оның ажарына тәнті болған патшаның кеңесшісі әрі бас қолбасшы Оанн (Оанис) деген жігіт дереу өзіне жар етіп алады. Оаннның әйелін сүйгені соншалық, өз жанынан бір күн де тастағысы келмей, тіпті, жорықтарда да ертіп жүреді. Аруды сұқтанған көздерден жасыру үшін бетін бүркетіп, ерлерше бастан аяқ киіндіріп қойса керек. Алайда, көзі өткір, өзі алғыр Ассирия патшасы Нин жорықтардың бірінде әскердің арасынан жас қызды бірден ажыратады. Бетін ашқызып, кеңесшісінің таңғаларлық сұлу әйелінің келбетін көріп, оны өзіне жар еткісі келетінін білдіреді. Патшаға қарсы тұра алмаған Оанн қайғыдан құса боп өледі. 

  Нин он жеті жылдан бері ел басқарып келетін Жерорта теңізінен Үндістанға дейін жаулап алып, атағы дүркіреп тұрған әмірші еді. Өз құрметіне арнап, ең үлкен қала Ниневияны салып, елдің астанасы етеді. Семирамида оған мұрагер ұл сыйлайды. Нин өзінің жас әрі жібектей нәзік әдемі әйелін үлде мен бүлдеге орап, қымбат әшекейлерді үйіп-төгеді. Алайда, суық сұлудың жүрегін жібіте алмайды. Жарының махаббатына шөлдеген патша оның сезімін тұтату үшін бәріне даяр болады. Мұны білген қу ару оның орнына бірнеше күнге таққа отырып, елге билік ету талабын қояды. Және Нин патшадан билігіне араласпауды сұрайды. Әміршінің ғашық жүрегі айтқанды бұлжытпай орындайды. Дегеніне жеткен соң, зұлым ханшайым өз жарын өлтіруге бұйрық береді. Өз сезімінің құрбанына айналған аңқау патшаның өлімінен кейін Семирамида Ассирия елін басқарады. Алайда, оның өліміне лайықты құрмет көрсетіп, хандарша жерлеуді бұйырады. 

Жаңа ханшайым ел басқара отырып, Мысыр, Мидия және Эфиопия елдеріне жорық жасайды. Нин патшадан асып түсу үшін өз құрметіне көне Вавилон қаласын тұрғызады. Атаулы қаланы салуға қазынаны аямай жұмсайды. Алайда, әкесінің өлімі жайлы естіген, ер жетіп қалған ұлы Ниний анасын жек көріп, оған қарсы қастанды ойластырады. Мұны білген Семирамида тақтан өз еркімен бас тартып, ұлына береді. Патшайымның өлімі жайлы екі түрлі аңыз бар: бірі ұлының қолынан қаза тапты десе, екіншісі кептерге айналып ұшып кетті дейді. Ал әйгілі аспалы бақ Семирамиданың өлімінен екі ғасыр өткен соң салынып, оған патшайымның аты берілген көрінеді. Ол Ассирия елін қырық жыл бойы басқарған. 

  Әлемдегі ең әйгілі әйелдірдің бірі Семирамида жайлы біздің заманымызға дейін өмір сүрген Диодор тарихшы жеткізген екен.

 

0
түсініктер
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы: Франц Кафка – Фелица Бауэр
  Кафка неміс тілді тарихтың ең ұлы жазушылардың бірі. Алайда, жазушыларға тән тұйықтықпен қатар, ол оғаштау жан еді. Айналасымен көп араласпайтын, ұяң, тіпті, өзіне сенімсіздеу, бірақ аса сезімтал, мейірімді әрі жұмсақ еді. Ол шығармашыл тұлғаларға сай, сыртқы әлемнен оқшауланып, үнемі сан қилы кейіпкерлерінің арасында, ішкі үрей мен беймазал
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау