"Аты аңызға айналған арулар" Күләш Байсейітова

  Әсем ән мен тәтті әуен ғана адамзаттың үзілуге шақ қалған үмітіне сәуле ұялатып, арман қиялына қанат бітіріп, өмір сүруге ұмтылдырып, сол өмірге ғашық етеді. Қарапайым отбасыда жарық дүние есігін ашып, сол ортада тағлымды тәрбиеге қаныға өскен талант иесі, қаршадайынан әнге әуес,  өнерге бір табан жақын болған.

Өнер атты киелі ұғым да адамға кіндік қаны тамған топырақпен даритыны белгілі, ал Қарағанды өңірі қашаннан талантты жандарға бай өлке екені баршаға аян. Күләштің әкесі Жасын да өнерден кенде болмаған. Қызының бойына ұялаған талабын  әке жүрегі бірден сезіп, одан әрі дамыта түсуіне үлкен үлес қосады. Мектептен жеті жылдық білім алып, көркемөнер үйірмесіне қатыстырады. Сол сәттен-ақ қалалық жастар арасындағы өнер байқауларында топ жарып, жұрт назарын өзіне іліктірген. «Сөз біреудің маңдайына, ал енді біреудің таңдайына» бітетінін атам қазақ қадап айтқан ғой. Бар дарыны көмейіне құйыла салған Күләш Жасынқызының алғашқы өнер жолы Қазақтың тұңғыш драма театрынан бастау алады. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Көп кешікпей,  әншінің шын табиғи даусы – жіңішке колоратуралық сопрано екені баршаға мәлім болды.

 Күләш Байсейітова ойнаған әр образының табиғатын дөп басып, кейіпкердің болмысын айшықтай түсетін, тіпті, одан әрі әрлендіре түсетін қасиетке ие болды. Бойындағы дарынын мойындаған Республика жұртшылығы «қазақтың бұлбұлы» деген өз атағын берсе, көп кешікпей ресми түрде Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі деген алғашқы құрметіне ие болды.

Алғашқы қазақ операсы «Қыз Жібектің» қойылуы қазақ музыка мәдениетіндегі елеулі оқиға болды. Мәскеу сахнасында қойылған қазақ операсындағы Қыз Жібектің Гәккуін орындап, баршасын таңдай қақтырған.  Бұған сол кездегі жарық көріп тұрған «Правда» газетінің тілшісі Городинскийдің: «Қыз Жібектің ең жақсы көріп салатын әні «Гәккудің» өзі тамаша ән, ал енді соны Күләш айтқанда, тіпті керемет жандандырып жібереді…» - деген жазбасы дәлел бола алады. Күләш Байсейітованың көп қырлы дарынының арқасында,  драмалы спектакльдерде айрықша орындаушы республикамыздың тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі атанды. Қазақ халқы әнші арқылы дүниежүзінің классикалық операсы мен өзге де халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның даусы – қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді. Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді. Көмейінен жыр төгілген аңыз әнші бүгінгі ұлағатты ұрпаққа үлгі өнеге болары анық. Есімін ел ардақтап, ұрпағы ұлықтап жатса, елім деп еміренген тұлғаға бұдан асқан бақыт бар ма!? 

 

0
түсініктер
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы: Франц Кафка – Фелица Бауэр
  Кафка неміс тілді тарихтың ең ұлы жазушылардың бірі. Алайда, жазушыларға тән тұйықтықпен қатар, ол оғаштау жан еді. Айналасымен көп араласпайтын, ұяң, тіпті, өзіне сенімсіздеу, бірақ аса сезімтал, мейірімді әрі жұмсақ еді. Ол шығармашыл тұлғаларға сай, сыртқы әлемнен оқшауланып, үнемі сан қилы кейіпкерлерінің арасында, ішкі үрей мен беймазал
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау