Аты аңызға айналған арулар

   Күллі қазақ еліне кеңінен жайылған ең мәшһүр лиро-эпостық жырлардың бірі әрі бірегейі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу». Сөз өнеріне шебер қазақтан туып, жазира далаға ауызша тараған бұл бай мұра тек XIX ғасырда қағазға түсіріліп алынса керек. «Тоқсан жігітті» ғашық етіп, жыр төңірегінде өзі үшін қазақтың екі азаматы өліспей, берсіпеген, ауқымды жырға арқау болған ару Қарабайқызы Баянның болмысы қандай еді?!

   Жыр желісі бойынша, Баянның жасы он төртте. Алайда, «он үште оту иесі атанған» заманда бұл арудың гүл ашып, бойжеткен шағы. Қарабайдың қызы жүзінен нұр сәулесі шашылған, қара ормандай қалың шашты, сымбаты қолдан құйғандай, мінсіз қас сұлу еді. Оған қоса, өзін ұстай білуі, іс-қозғалысы да әсем. Мұны талай бозбаланы өзіне еріксіз байлаған, қазақтың сөзден өрер өзгеше өнерімен әдемі суреттелген болмысынан аңғарамыз. Нәрлі тәрбиемен өскен ару сыртқы көркемділігімен қатар, мінезі де, ішкі болмысы да көркем еді. Бұл жайлы жырда «Аппақ көрік маңдайы, қылығы наз,         Малың  түгел басыңды берсең – дағы аз» деп суреттеледі. Сөз қадірін білетін заманның тумасы ретінде орынсыз, бос сөйлемейтін, байсалдығын "Аңда- санда болмаса сөйлеспейді, жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар” деген жолдардан аңғарамыз. «Тым сұлу көркемдігі жұртқа аян қызға» көпшілік жігіттердің көңілі кеткендігі де осыдан түсінікті. Оған қоса, даналығы тағы бар. Ойлы, саралы тіл қатысы оның осы тұсын дәлелдейді.   

  Гүлдей нәзік бейнесіне қарамастан, заңы қатал заманда туған Баян қыз сөз бен іске батыл да өжет. Өзіне қаншама бай көз салса да, бірін де маңына жуытпаған. Қара күштің иесі, алып денелі, соқыр батыр, өзіне тас кенедей жабысқан Қодарды көзінің қиығымен ғана құрықтаған жалғыз жан. Қанша мықтылардың алдында тайсалмайтын апталдай азаматтың бір қыздың аузына қарап, қабағын бағып, құлы болып кетуге даяр болған Қодарды көзсіз сезімге бөлеген талдырмаш ару тегін жан еместігін танытады. Асыл тұлғасына қарамастан, менмендігі, көкіректігі жоқ. Керісінше, Қозыны құлай сүйген ару өзгені кіршіксіз сүйе білетіндігін, махаббатқа адалдығын дәлелдеп, ақтық деміне дейін сезімге беріктігін сақтады. Оны азаптаған жүрек жарасы да сүйгеніне зарығып жете алмау еді. Зарыға жүріп, асқан төзімділігін, шыдамдылығын паш ете білді. Жаугершілік заманда ерлікті бойына сіңіріп өскен қыз сүйгенін дұшпанынан барынша қорғай да білді. 

  Баянның «Қара  көзін  қан басып  қарағанда, Маңына жоламайды, Қодар үркіп.» Жырда бұған қоса, Баянның Қодарға айтқан соңғы сөздері былайша келтіріледі:

 

Әкеме сіңіп  еді сенің күшің,

Құл болдың есігіме менің үшін.

Шоқ белбеу, алтын айдар мырзам қайда,

Шұнақ құл өлтіремін соның үшін.

 

 Бұл қазақ қызының өжеттілігімен қатар, бірбеткейлігін танытады. Қозысынан айырған Қодарды аямай, оған айламенен ажал құштырады. Махаббаты үшін кегін ала отырып, нәзік әрі батыр қыздың дұшпанды өлтіруге пәрмені жетті. Ер кісіге деген шексіз сүйіспеншілікті көрсетіп, өмірдің мәнін ерінен көрген Баян соңында өзі де соның моласына барып, өмірмен қош айтысады..

  Бүгінде қазақ қызының идеалына айналған Баяның бейнесі – сұлулық пен ақылдың үйлесімінің белгісі, парасаттылық пен рухтылықтың жоғарғы көрсеткіші. 

 

 

Дереккөздер:

  1. asyl-bilim.kz
  2. kk.wikipedia.org

Дайындаған: Салтанат Пердешқызы

 

0
түсініктер
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы: Франц Кафка – Фелица Бауэр
  Кафка неміс тілді тарихтың ең ұлы жазушылардың бірі. Алайда, жазушыларға тән тұйықтықпен қатар, ол оғаштау жан еді. Айналасымен көп араласпайтын, ұяң, тіпті, өзіне сенімсіздеу, бірақ аса сезімтал, мейірімді әрі жұмсақ еді. Ол шығармашыл тұлғаларға сай, сыртқы әлемнен оқшауланып, үнемі сан қилы кейіпкерлерінің арасында, ішкі үрей мен беймазал
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау