Аты аңызға айналған арулар

   Қазақтың Хабибасы өнерлі отбасында дүниеге келіп, ғасырлық ғұмырында әрдайым шығармашыл жандардың арасында жүрді. Мұнысы, әрине, бойға біткен асыл дарынның шыңдала түсіп, шарықтай беруіне сөзсіз сеп болды. Хабиба апа балғын балалығынан киелі домбыраның құлағында ойнайтын үлкен әпкесі Дәлила Оңғарбековадан ән үйреніп өсті. Ал бойжеткен шағында тағдыр жазып, жезтаңдай әнші Жүсіпбек Елебековпен мөлдір махаббат құрып, шаңырақ көтерді. Биылғы жүз жасқа келген мерейтойында Хабиба апаны, міне, тағы да мүйізі қарағайдай өнер майталмандары мен бүгінгі қазақ сахнасының өкілдері ортаға алған. 98-ге келіп, апаның өкшесін басқан замандасы, қазақтың халық артисі Айша Абдуллина той иесіне жылы лебіздерін білдіріп, «Гәкку» әнін әуелетті. Осынау айтулы мерекесінде «театр анасы» Елбасынан бастап, бүгінгі ел билігінің көшіндегі тұлғалардың құттықтауын алды.

 

   Хабиба Елебекова осыдан дәл бір ғасыр бұрын Қарағандының Қарқалаы атты ауданында орналасқан Томар аулында тұратын қарапайым шаңырақта туылды. Ол орыс тілінде білім алса керек. Бұл әкесінің қалауы болды. Хабиба қыз театр сахнасына алғаш аяқ басқанда, балауса 18 жаста еді. Оның алғаш әртістік өнерінің бетін ашқан киелі сахна өзі туған Қарқаралы округінің шағын ғана театры болды. Мұнда жас қыздың жұмысқа қабылдануына себеп болушылар Қалибек Қуанышбаев пен Жүсіпбек Елебеков еді. Олар жас өреннің бойынан ұлы өнердің бастауын елден алшақ аңғара білсе керек. Талантты қыз баспалдақтың алғашқы сатысында аяңдап қалмай, 19 жасында М.Әуезов атындағы қазақ драма театрына арнайы шақырту алды. Атаулы театрдың әртістік алаңында қазақтың сахналық туындыларының талай кейіперлерін ойнады. Оған қоса, орыс авторлары тағы бар. Өзі сомдаған рөлдердің арасында жастық шақтан шашын түгел ақ басқанша оның бір өмірлік серігіне айналған екі образ бар. Бірі – М.Әуезовтың «Абай» пьесасындағы Қаныкей. Актриса Қаныкейді сексенге келгенше, елу бес жыл қатарынан ойнады. Ал орыстың ұлы жазушысы Гогольдың әйгілі «Ревизорындағы» Пошлепкина рөлі Хабибамен бірге сахна төрінде отыз жеті жыл болса керек. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мәдениет саласының үздігі Хабиба Елебекова 95 жасында театрмен қош айтысты.

   Ал бүгін ғасырлық тойын тойлап отырған кейуана әлі күнге бақуат: ол Мағжанның шығармашылығынан отыз өлеңін жатқа біледі. Өзіне арналған кеште ол «Сүй, жан сәулемді» жиылған жұрт сұрауымен көркемдеп оқып берді. Өзін құрметтеп келіп отырған көпшіліктің жаудырған ақ тілегінен кейін аңыз арудың өзі де сөз алды:

— Бауырларым, балаларым, елім-жұртым, қара шаңырағым! Мен қазақтың басынан өткен небір нәубет жылдарды өз көзіммен көрген жанмын.
 Бір үйдегі он жеті жан аштан өліп, соңдарында жалғыз мен қал­дым. Ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс қасіретінің азабын тарттым.
 Қазақ театрында «Еңлікті» алғаш ойнап, Мәскеуде ең бірінші домбырамен ән салған қазақ қызы, туған апам Дәлила Оңғарбековадан жастайымнан ән үйреніп, сол кісіге еліктеп өстім. Менің бағыма Қазақстанның халық артисі, Абай әндерінің шебер орындаушысы Жүсекең жолықты. Екеуміз тату-тәтті, бақытты ғұмыр кештік. Арқасүйер азаматым мен арыстай ұлдарымды жер қойнына беріп, қазір кіші балам Естайдың қолына қарап отырмын. Барлық ғұмырым осы қара шаңырақта өтті.
 Жүз жасаған ана ретінде ел-жұртыма, әлем халқына тек аман­дық, жақсылық тілеймін. Бір-бірің­мен дос болып, барлық елдің театрымен бірге жүріңдер. Әрқай­сысың бір-біріңнің кемшілігіңді жуып, үлгі тұтып отырсаңдар дей­мін.
 Бір-біріңе ешқашан жамандық ойламаңдар. Дүниеде мәңгі-бақи тұратын ештеңе жоқ. Азғантай ғұ­мырда тек жақсылық жасап өтің­дер!
 Әрбір отбасы, әрбір ел аман болса екен!
 Бүгін мені осыншама құрмет­теп, сый жасап отырғандарыңа мың да бір рақмет!

 

 

 

Дереккөз: halyknews.kz

Дайындаған: Салтанат Пердешқызы

0
түсініктер
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы: Франц Кафка – Фелица Бауэр
  Кафка неміс тілді тарихтың ең ұлы жазушылардың бірі. Алайда, жазушыларға тән тұйықтықпен қатар, ол оғаштау жан еді. Айналасымен көп араласпайтын, ұяң, тіпті, өзіне сенімсіздеу, бірақ аса сезімтал, мейірімді әрі жұмсақ еді. Ол шығармашыл тұлғаларға сай, сыртқы әлемнен оқшауланып, үнемі сан қилы кейіпкерлерінің арасында, ішкі үрей мен беймазал
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау
Аты аңызға айналған арулар
Қарау
Ұлы махаббат хикаясы
Қарау