Тəуелсіздікке тағзым!

Тарихтың сан үңіліп беттеріне,
Тағыда мың қарайын өткеніме,
Тəубешілік жасайын əр күн сайын,
Осындай азат күнге жеткеніме..

Елім деген есілдер шеккен азап,
Алашының ақ ордасын еткен азат,
Қан төгіп,қара түнді жарып шығып,
Осындай азат елге жеткен қазақ...

Қара бауыр қасқалдақ қандастарым,
Көтерген желтоқсанда алдаспанын,
Ерлігіміз ез болмасын ел болсын деп,
Əсілі төгіп кеткен алмас қанын..

Таңбасы бар тарихтың таластырмас,
Айбыны тəуелсіздік-Алаштың бас,
Бүгінде жиырма беске келіп қалды,
Өмірін азат елмен балап құрдас...

Ортаймасын елімнің тұрған бағы,
Тартылмасын мөлдірім жылғамдағы,
Егемендік тойлансын əр жыл сайын,
Еске алынсын желтоқсан құрбандары...

Амандықпен бейбіттікте тұрған басым,
Құр қалмасын өзгеге ұрланбасын,
Желтоқсанның ызғарда соққан əні,
Тыңдалсын,бірақ қайта жырланбасын......

 

Алпысбаев Еркебұлан Жеңісбекұлы

0
түсініктер
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Қарау
Жаңа жыл құтты болсын!
Қарау
Тәуелсіздік күні құтты болсын
 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыз. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, з
Қарау
"Көзайым-3" фильм туралы фильм
Қарау
"Көзайым" бейнеролик. Батыр Байназаров
Қарау
"Көзайым-2" фильм о фильме
Қарау
9 Мамыр - Жеңіс күні
Қарау