Шашты қалай түссіздендіруге болады?

 Қыз бала үшін шаш сәнінің  рөлі ерек екені рас, сондықтан да шаш күтіміне олардың тарапынан үлкен мән берілсе керек. Осы тұрғыда қыз-келіншектердің көбісі шаштарын әркезде әртүрлі  түстерге бояп жатады. Әрине, әдемлік  беріп,  реңін, бейнесін, болмысын айқындай  түсетіні анық. Дегенмен, өзіндік табиғи түсті қайтарғымыз келіп кейде  өкініп қаламыз-ау...

Түссіздендіру  жеңіл (табиғи түсінен 1-2 тон ақшылдау), орташа (3-4 тон ақшылдау) және күшті (түгел ағаруы) болып жүзеге асады.

Шашты жуған соң 2-3 күн өткеннен кейін түссіздендіреді.  Бұл процессте оттегі суы (кислородная вода) қажет болады. Оттегі суының пайызы  түссіздендіруіңізге байланысты қосылуы тиіс. Мәселен, жеңіл түссіздендіретін болсаңыз, 3 пайыздық, орташаға   6 пайыздық, күштісіне 10 пайыздық оттегі суы  қажет.Әрбір 20 г. оттегі суына аммиактың 5-6 тамшысы қосылады.  Ал аммиакты тек пайдаланар алдында ғана араластыру   керек.  

Алғаш рет шашты түссіздендіргенде  түбін 5-7 сантимердей майлап,  15-20 минуттан кейін түбі мен ұзындығына бірге жағыңыз.  Кейін жаңа өсіп шыққан түбірді ғана түссіздендіресіз. 15-45 минуттан соң  шашты сабындап жуу қажет. Іске сәт!

0
түсініктер
Шаш күтімі туралы не білеміз ?
Қарау
Мойын терісінің сұлулығы
Қарау
Сұлулықтың құпиясы
 Жаз – демалыс пен жағажай маусымы. Яғни шомылу киімі, жұқа көйлектер киілетін кезең ғой. Демек, мүсініңізге мән беріп, мінсіз болуыңыз керек емес пе?!    Егер де өзіңізді қолға алып, әлдебір диета бастай алмай, жаттығу залына бара алмай жүрсеңіз, біздің кеңестерімізге назар аударыңыз. Сұлулықтың құпияларынан хабардар бол
Қарау
Арықтаудың алты жолы
Қарау
Кірпігіңіз өзіңіздікі ме?
Қарау
Қолдың құрғақ терісіне арналған маска
Қарау
Асқабақпен арықтаңыз
Қарау