Жас көрсететін макияж: 12 тәсіл

 Визажистер қыз-келіншектеріміз 30 жастан асқаннан кейін мейкаптың кейбір элементтеріне мән беру керектігін еске салады. Біріншіден, қою түсті теньдерге «жоқ» деңіз, қою қара көз айқындауыш, бірнеше қабат сүрме және бетке қалың жағылған опа. Бұл айтылған көсметиканың барлығы беттегі әжімдерді айқындап, түріңізді егде етіп көрсетеді. Терінің одан әрі әжімденуіне жағдай жасайды. Бұлар біздің жиі қолданатын косметикаларымыз ғой, сонда енді мейк-ап үшін қандай қоспалар пайдалануымыз керек деп ойланып қалған боларсыз?! Ендеше мына кеңестерге құлақ түрелік.

Теріні ылғалдандыр
Бұл, әрине бәрімізге белгілі процесс. Дегенмен бұдан аттап кетсек, келесі әрекеттеріміз нәтижесіз болмақ. Егер макияждың астына крем не ылғалдандырғыш қоспа жақпасаңыз, әжімдеріңіз макияж жақсаңыз да айқын көрініп, теріңіз құрғайды.

Сұйық консилер жағыңыз
Жас ұлғайған сайын консилердің көмегіне жиі жүгінетін боласыз. Ол әжімдерді жасырады, көз астының ісігін, көгеруін білдірмейді.

«Консилердің барлық түрінің құрамында балауыз болады. Соның арқасында ол бетке тегістік беріп, онымен жақсы үйлеседі» — дейді атақты америкалық визажист Сью Девитт.

Ашық түсті теньдерді қолданыңыз
«Smoky eyes» — тан бас тартыңыз. Қою түстер жасты ұлғайтып көрсетеді. Сондай-ақ, мамандар теньді көздің түсіне сәйкес таңдамаған дұрыс дейді.

Сүрмені азайтыңыз
Қалың етіп жағылған сүрме ұқыпты көрінбейді. 35 жастан асқан соң кірпік өзінің табиғи иілгіштігін жоғалтады. Ал сізге оны күту қажет. Бірнеше қабат сүрме жағамын деп, одан сайын зиян тигізесіз.

Сары өңді тональды крем таңдаңыз
Танымал визажист Бриджит Райс-Андерсен айтпақшы, қаншалықты жылы реңктер қолдансаңыз, соншалықты жас көрінесіз. Бұл ереже кез келгеніңіздің тері түсіңізге сәйкес келеді.

Қылқаламның орнына бьюти-блендерді қолданыңыз
Бетіңіздегі келеңсіздіктің бәрін тональды креммен жасырғыңыз келетін болар. Осы мақсатта қалың етіп кремді жағу дұрыс емес. Оның орнына ылғал спонж қолдансаңыз, жақсы көмектеседі. Спонжды сумен жуып, жақсылап сығыңыз. Артынша онымен тональды кремді жаға беріңіз.

Опадан бас тартыңыз
Шетелдік танымал визажист Крисенн Дэвис: «Бетті опаның қартайтқанындай ешқандай косметика қартайта алмайды» деген екен. Егер онсыз жүре алмайтын болсаңыз, жұқа текстуралы бьюти-өнімдерді қолданыңыз. Тағы бір құпия: опаны күн көзіне қарап тұрып жағыңыз, сонда бетіңіздің нағыз реңін, сапасын аңғарасыз.

Аздап румяна да жағып қойыңыз
Уақыт өте келе бет өзінің нәзіктігін, тартымдылығын жоғалта бастайды. Жақ сүйектері де қабысып, пішінін өзгертеді. Сондықтан румянаның көмегі зор.

Пинцетті тастаңыз!
Қас – бет пішінінің сұлулығына бірден-бір әсер етуші. Сондықтан оны өзіңіз ретке келтіремін деп, қас көлемін бұзып алудан сақтаныңыз. Ең дұрысы, арнайы маманның көмегіне жүгіну.

Көзге арналған қарындаш
Егер қарындашыңыздың түсі қара болса, оны қоңырға ауыстырыңыз. Қара түс жасты одан сайын ұлғайтып көрсетеді. Қоңыр қарындашпен жұқа сызық салыңыз, соңғы жағын жоғарырақ, қабақты жалғастыра сызыңыз.

Бейтарап  далап
Жас ұлғайған сайын ерін жұқара түседі. Сол себепті далап таңдағанда мұқият болған жөн. Қанық, қан қызыл, қою түстілерін емес, керісінше, қоңыр-сарғыш, алқызыл түрлерін таңдаңыз. Ерніңіз тартымдырақ болу үшін далаптың үстіне бальзам не ерін жылтырағын жағыңыз.

Хайлайтер сатып алыңыз
Бетіңіз толық не жалпақ көрінбеу үшін хайлайтердің көмегі қажет.

 

Дереккөз: reactor.inform.kz

0
түсініктер
Лак таңдау ережелері
Қарау
Киім түстерін үйлестіру
Қарау
Тоналды кремді қалай таңдау керек?
Тоналды крем таңдаудың қиындығы көптеген қыздарға белгілі. Дұрыс таңдалмаған крем бет-әлпетті жасанды етіп қана қоймай, теріге зиян келтіруі де мүмкін. Сапалы, лайықталып таңдалған крем терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді. Тері типіне назар аударыңыз  Егер тоналды крем теріңіздің ти
Қарау
Аксессуар таңдаудың үш ережесі
Қарау
Әтірлердің түрлері
Қарау
Киімді құнды етіп көрсетудің 8 тәсілі
Қарау
Мүсініңіз сұлу болсын десеңіз...
Қарау