Арықтауға не кедергі? 

Салмақ тастауға баяғыдан ниеттеніп, алайда ойыңыз жүзеге аспай жүрсе, өмір тәртібіңіз жайлы ойланатын кез келді. Күнделікті өмірдегі кейбір жағдайлар мінсіз салмақ жолында бөгет бола алады. Сол әдеттерді өзгертсеңіз, арықтауыңыз оңайырақ болмақ.


Ұйқының қанбауы
 Ұйқының қануы салауатты өмір салтының кілті. Ұйқысы қанған адам әр уақыт сергек, көңілді, белсенді жаттығуларға ықыласты болады. Ұйқы тапшылығы ағзадағы метаболизмді баяулатады, нәтижесінде калориялар азырақ жойылады. Ал ұйқысы келіп тұрған ағза күш жинау үшін көмірсуларды талап етеді. Шоколад сияқты тіскебасарларды жегіңіз келетіні де содан.

Стресстер
 Стресстер ағзаңызға үлкен зақым тидіреді. Біреулер стресс барысында қатты азып кетсе, басқалары депрессия кезінде калориялы тамақты молынан жеп, тыныштық табады. Стресс пен тамақты байланыстырғанды қойыңыз. Бойыңызды депрессия бауласа, бұл мәселені тамақпен емес, басқа жолдармен шешіңіз. Жаттығулар жасаңыз, таза ауада серуендеңіз.

 Үлкен порция
 Шын мәнінде ағзаға тою үшін көп тамақ қажет те емес. Қарынның тойғаны жайлы ақпарат миға кеш жететінін қоссақ, шамадан артық тамақ жеп қою мүмкіндігі өседі. Қосымша порцияға тапсырыс беруге асықпаңыз. Тамақты асықпай шайнап, басқа заттарға көңіл бөлмей жеңіз.

Кофеин
 Кофе - бой сергітіп, тіпті аш қарын сезімін басатын керемет сусын. Алайда күнделікті ішетін кофе мөлшері 2 стақаннан аспасын. Егер қою болса, тіпті 1 стақаны да жеткілікті. Кофеге әуес болу дене бітіміңізде көрініс табатыны сөзсіз.

 Бұл әдеттер күнделікті өмірімізге сіңіп кеткені соншалық, оларды денсаулығымызға зақым тидіреді деп ойламаймыз. Өз денеңіз бен денсаулығыңызға күтім көрсетіп, артық салмақ тастау жолында еш қиындық көрмеңіз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Лак таңдау ережелері
Қарау
Киім түстерін үйлестіру
Қарау
Тоналды кремді қалай таңдау керек?
Тоналды крем таңдаудың қиындығы көптеген қыздарға белгілі. Дұрыс таңдалмаған крем бет-әлпетті жасанды етіп қана қоймай, теріге зиян келтіруі де мүмкін. Сапалы, лайықталып таңдалған крем терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді. Тері типіне назар аударыңыз  Егер тоналды крем теріңіздің ти
Қарау
Аксессуар таңдаудың үш ережесі
Қарау
Әтірлердің түрлері
Қарау
Киімді құнды етіп көрсетудің 8 тәсілі
Қарау
Мүсініңіз сұлу болсын десеңіз...
Қарау