Жүктілік кезінде беттегі дақты кетіру 

Аяғы ауыр кезінде пайда болып, босанғаннан кейін де теріде қалып қоятын пигментті дақтардан – секпілден құтылудың жолдары көп әйелді ойландырады. Секпіл, әсіресе, көктем мезгілінде қарақоюланып, көзге бірден түседі. 


 Секпіл бетке, мойынға, арқа мен қолға шығады. Жүкті әйелдерде ағзадағы жалпы гормональді өзгерістер салдарынан пайда болған пигментті дақтар әдетте, босанғаннан кейін бірнеше ай кетпей жүреді. Жүктілік кезінде бетке мұндай дақтардан арылуға арналған арнайы кремдер жағып, маскалар жасаудың жөні бөлек. Десе де, крем жаққанда оның құрамына аса мән беру керек. Өйткені кремдердің көбінің құрамдарында жатырдағы ұрық пен омырау сүтіне кері әсерін тигізетін қауіпті қоспалар болады. Сондықтан да қандай да бір кремді жақпастан бұрын дәрігер кеңесіне құлақ түріңіз. 

Секпілден қалай арылуға болады? 

1. «Скинорен» кремі пигментті дақтардан құтылуға көп көмектеседі. Беттің терісін тегістеп, секпілденген аумаққа ашық рең береді.
2. Лимон немесе грейпфрут, сонымен қатар қияр, қызылқат шырынымен секпілді сүрткен жөн. 
3. Егер теріңіз құрғақ болса, лимон шырынын қолданбағаныңыз абзал. Ол теріні одан әрі құрғатып жібереді. 
4. Жүктілік кезінде құрамында фолий қышқылы бар (фолацин) тағамдар немесе дәрумен түрінде пайдаланған абзал. 
5. Қышқыл сүт те теріні жақсы ағартады. Сонымен қатар омырау сүтімен де пигментті дақтарды сүртуге болады. 
6. Жүктілік кезінде анар жемісін де дақтарға қарсы пайдалануға болады. 
7. Аскөк қайнатпасының да секпілден арылуға септігі көп. Ол үшін туралған 1 ас қасық аскөкті стақандағы қайнаған ыстық суға салып, 1 сағатқа қоямыз. Салқындаған тұнбаны мұз қатырғыш ыдысына құйып, тоңазытқышқа қою керек. Содан кейін дайын болған мұз түйіршіктерімен беттегі пигментті дақтарды сүрту керек. 
8. Қияр шырынының да бетті ағартатынын айттық. Ол сонымен қатар теріні тазартып, сергектік сыйлайды.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Лак таңдау ережелері
Қарау
Киім түстерін үйлестіру
Қарау
Тоналды кремді қалай таңдау керек?
Тоналды крем таңдаудың қиындығы көптеген қыздарға белгілі. Дұрыс таңдалмаған крем бет-әлпетті жасанды етіп қана қоймай, теріге зиян келтіруі де мүмкін. Сапалы, лайықталып таңдалған крем терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді. Тері типіне назар аударыңыз  Егер тоналды крем теріңіздің ти
Қарау
Аксессуар таңдаудың үш ережесі
Қарау
Әтірлердің түрлері
Қарау
Киімді құнды етіп көрсетудің 8 тәсілі
Қарау
Мүсініңіз сұлу болсын десеңіз...
Қарау