Жазғы күтім: Бет терісін тазарту 

Бет терісін жазда тазартудың қыста тазартудан айырмашылығы бар. Суық күндері бастысы қоректендіру және жұмсарту арқылы тазартса, ыстық күндері ұсақ тесіктерді терең тазартып, терінің беткі қабатын салқындатып және күн сәулесінен пайда болатын қабыршақтанған қабатты ұқыпты кетіру керек. 


 Егер теріңіз аса құрғақ, жұқа және тітіркенуге бейім болмаса, оны жаз мезгілінде арнайы құралдармен таңертең және кешке тазарту жеткілікті. Ыстық күндері тер бездері түнде де жұмыс істейді, сондықтан түнгі уақытта теріңізге май және тер бездері бөлген аздаған қабат жиналатынын түсінуіңіз керек. Таңертең бетіңізді жай ғана сумен шая салғаннан, сіз оны толықтай кетірмейсіз. Оның үстіне макияж жасасаңыз, тесіктерді бітеп тастайсыз. Соның себебінен, бет терісінің түсі күңгірттеніп, ұсақ тесіктер кеңейіп, қызару, бөртпе пайда болуы әбден мүмкін. Екінші жағынан, түрлі құрал қолданып, қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен қорғайтын табиғи қабатты бұзып алуға да болмайды. 

Таңертең не істеу керек? 
 Бетіңізді салқын сумен жуып алған соң, теріңізді тоникпен сүртіңіз. Тоник терідегі аздаған ластануды кетіріп, теріні крем жағуға дайындайды. Тазартудың бұл этапында оны энергетикалық массажбен қатар орындаса, тиімдірек болады. Ол үшін тоник құйылған мақтамен көздің ішкі жағынан сыртына қарай, содан соң параллель түрде төменгі жақты, яғни мұрын қырынан құлақтың артына қарай қозғала уқалаңыз. Маңдайды ортасынан шетіне қарай, иекті төменнен жоғары қарай мақтамен массаж жасай сүртіңіз. Бұл терлеуді азайтады және теріге қосымша тонус береді. 

Күндіз не істеу керек? 
 Егер сіз күні бойы макияж (мысалы, тональді крем) жағып жүрсеңіз, теріге лас нәрселер терең кірмейді. Егер сіз макияж жақпасаңыз, кешке дейін ластық жиналып қалмас үшін теріні екі рет тазартып алған жөн. Ол үшін бетіңізді жылы (термальный) сумен шайып, одан соң жұмсақ сүрткішпен суды сіңіріп алыңыз (бетіңізді орамалмен уқалап сүртпеңіз). 

Кешке не істеу керек? 
 Кешкі тазарту мұқият жүруі керек. Макияжды арнайы құралмен сүртіңіз. Содан соң массаж жасай отырып, гель немесе көпірікпен жуыныңыз. Бет жуатын құрал таңдарда көпіретін түрін алуға тырысыңыз. Олар теріге жақсы әсер етіп, тез жуылады. 

 Аптасына бір немесе екі рет теріге «монша күнін» жариялаңыз. Ол үшін теріні аздап буландырып, қабыршақты теріні кетіру үшін сраб қолданыңыз. Скрабтан соң тоник қолданып, құнарландыратын крем жағыңыз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Шаш үлгісін бет пішініне қарай сәйкестендіріп таңдау
Қарау
Дұрыс таңдалған киім - табыстың кепілі
Қарау
Сымбатты мүсін: Тік жүру – деннің саулығын білдіреді
Адамның жүріс-тұрысы, мүсіні оның мінезі мен көңіл-күйін көрсетеді. Сымбатты мүсін мен әдемі жүріс сенімділік пен денсаулықты білдіреді. Мұндай адамдар ұзақтан-ақ «менмұндалап» көз тартады. Керісінше, бүкшеңдеп жүру – шаршаңқылық, өзін-өзі төмен бағалау және жан-дүниенің күйзеліске түскенінен хабар береді. Қанеки, осыны ескере оты
Қарау
Арықтауға не кедергі? 
Қарау
Жүктілік кезінде беттегі дақты кетіру 
Қарау
Сән жайлы құнды кеңес
Қарау
Табиғи сұлулық — табиғи өнімдерден 
Қарау