Шаш саулығына қажет дәрумендер

Шашыңыз сау және әдемі болуы үшін, оларға сыртынан ғана емес, сонымен қатар ішінен де күтім қажет. Шашты емдеу үшін дәрумендер қабылдаған дұрыс. Бірақ қандайын таңдау керек?


 А дәрумені
 Табиғи антиоксидант болатын А дәрумені бас терісін күтіп, май бездерінің жұмысын реттейді. Бас терісіндегі қан айналымын жақсартып, қайызғақтың алдын алады. А дәруменінсіз шаш сынғыш болып, құрғайды.

В дәрумені
 Бұл топтың барлық дәрумендері шаш саулығы үшін пайдалы. В2 дәрумені бас терісін оттегімен байытады. Бұл дәрумен тапшы болса, шаштың түбі майланып, ұштары керісінше қатты құрғайды.

 В3 және В5 дәрумендері бас терісініндегі қан айналымын жақсартып, шашты берік қылып, оларды жылтырата түседі. Сондай-ақ, ағарған шаштардан сақтап, терінің қайта қалпына келу қасиетін тудырады.

В6 шаштың түсуінен сақтайды, түсін жылтырата түседі. Бас терісі қышитын, құрғақ адамдарға таптырмас дауа.

В9 мен В10 дәрумендері кальций элементінің қабылдануын тездетіп, шаштың тез өсуіне мүмкіндік береді.

В12 шаштың түсуін болдырмайды.

С дәрумені
 Бұл дәрумен бас терісінің қан айналымын ретке келтіріп, шаш тамырларына қоректік заттарды жеткізеді. 

Е дәрумені
Шашты жылтыратып, ультракүлгін сәулелерінің жаман әсерінен сақтайды, шаштың күйіп кетуіне бермейді.

Н дәрумені
 Бұл дәрумен бас терісінің саулығы үшін өте маңызды. Ол қайызғақтан сақтап, бас тері ауруларының алдын алады.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Көз астындағы қара дақты кетірудің 10 тәсілі 
Қарау
Сұлының көмегімен арықтайық
Қарау
Шашты тез өсіру
Шаш жылына 12 сантиметрге өседі. Үйде жасалынатын әртүрлі маскаларды қолданып, шашты күте отыра, оның бірнеше есе өсуіне жағдай жасауға болады.  Май   Зәйтүн, майсана және кокос майын араластырыңыз. Шаштың бар ұзындығына жеткізе отыра, массаж жасау арқылы қоспаны басыңыздың терісіне жағыңыз. 15-30 минут күтіп, лимон қосылған жы
Қарау
Бет терісін дұрыс ылғалдандыру тәсілдері
Қарау
Лимон беттегі қара нүктелерді кетіреді 
Қарау
Шаш саулығына қажет дәрумендер
Қарау
Фитнес түрін дене пішініне қарай таңдау
Қарау