Безеуден құтылу үшін мына тағамдарды жеу керек 

Әртүрлі маска жасап, иісмайлар жақсаңыз да, безеуді емдей алмауыңыз мүмкін. Егер арнайы күтім көмектеспесе, тамақтануды түзеуіңіз керек. Ол үшін мәзірге мынадай тағамдарды кіргізу керек: 


Таза су 
 Газдалған сусын туралы ұмытыңыз. Бетіңіз таза болсын десеңіз, кемінде 8 стақан су ішуіңіз керек. Сорпа, тәтті сусындар су ішкенге саналмайды. 

Зәйтүн майы 
 Зәйтүн майының пайдасы зор. Оны біз жиі бет, шаш күтіміне арналған ингредиент ретінде атап жүрдік. Қандай тамақ жасасаңыз да, кәдімгі майдың орнына зәйтүнді қолданғаныңыз абзал. Салаттарды да зәйтүн майымен тұздауыңызға болады. 

Көк шай 
 Көк шайдың бос радикалдардың көзін жоятын қасиеті бар. Сонымен қатар ол онкологиялық ауру мен қартаюдың алдын алуға көмектеседі. 

Жаңғақ пен бидай 
 Терідегі жасушалардың қалыпты болуына бидай мен жаңғақ құрамындағы селен деген зат әсер етеді. Ол бұзылған жасушаларды қалыпқа келтірумен қатар, безеуді де емдейді. Сонымен қатар жаңғақ құрамындағы омега-3 пен әртүрлі майдың көмегімен бетіңіз жұмсарады. 

Ет пен балық 
 Безеуді емдеу үшін ақуызға бай тағамдарды жеу керек. Ол әрі теріні тазартады, әрі дене сымбатына да әсер етеді. 

Мандарин 
 Мандариннің құрамында ісінуді басатын нобилетин мол. Ол теріні майлы ететін темірлердің бөлінбеуін қадағалайды. Сондай-ақ асқазан қыжылы мен ішек инфекцияларының алдын алуға көмектеседі. 

Саумалдық 
 Оның құрамында кератин, майлы қышқылдар, антиоксиданттар, минералдар, дәрумендер мен жасұнық мол. Бұлар ішек қызметіне игі әсер етіп, ағзадағы қоқысты шығарады.

 

0
түсініктер
Лак таңдау ережелері
Қарау
Киім түстерін үйлестіру
Қарау
Тоналды кремді қалай таңдау керек?
Тоналды крем таңдаудың қиындығы көптеген қыздарға белгілі. Дұрыс таңдалмаған крем бет-әлпетті жасанды етіп қана қоймай, теріге зиян келтіруі де мүмкін. Сапалы, лайықталып таңдалған крем терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді. Тері типіне назар аударыңыз  Егер тоналды крем теріңіздің ти
Қарау
Аксессуар таңдаудың үш ережесі
Қарау
Әтірлердің түрлері
Қарау
Киімді құнды етіп көрсетудің 8 тәсілі
Қарау
Мүсініңіз сұлу болсын десеңіз...
Қарау