Шаш саулығына қажет дәрумендер

Шашыңыз сау және әдемі болуы үшін, оларға сыртынан ғана емес, сонымен қатар ішінен де күтім қажет. Шашты емдеу үшін дәрумендер қабылдаған дұрыс. Бірақ қандайын таңдау керек?


А дәрумені

Табиғи антиоксидант болатын А дәрумені бас терісін күтіп, май бездерінің жұмысын реттейді. Бас терісіндегі қан айналымын жақсартып, қайызғақтың алдын алады. А дәруменінсіз шаш сынғыш болып, құрғайды.

В дәрумені

Бұл топтың барлық дәрумендері шаш саулығы үшін пайдалы. В2 дәрумені бас терісін оттегімен байытады. Бұл дәрумен тапшы болса, шаштың түбі майланып, ұштары керісінше қатты құрғайды.

В3 және В5 дәрумендері бас терісініндегі қан айналымын жақсартып, шашты берік қылып, оларды жылтырата түседі. Сондай-ақ, ағарған шаштардан сақтап, терінің қайта қалпына келу қасиетін тудырады.

В6 шаштың түсуінен сақтайды, түсін жылтырата түседі. Бас терісі қышитын, құрғақ адамдарға таптырмас дауа.

В9 мен В10 дәрумендері кальций элементінің қабылдануын тездетіп, шаштың тез өсуіне мүмкіндік береді.

В12 шаштың түсуін болдырмайды.

С дәрумені

Бұл дәрумен бас терісінің қан айналымын ретке келтіріп, шаш тамырларына қоректік заттарды жеткізеді. 

Е дәрумені

Шашты жылтыратып, ультракүлгін сәулелерінің жаман әсерінен сақтайды, шаштың күйіп кетуіне бермейді.

Н дәрумені

Бұл дәрумен бас терісінің саулығы үшін өте маңызды. Ол қайызғақтан сақтап, бас тері ауруларының алдын алады.

 

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Сұлулыққа қанттың пайдасы
Қарау
Киви — сұлулық жемісі
Қарау
Диеталық сорпаның пайдасы
 Қазіргі кезде адамдардың көпшілігін артық салмақ мәселесі мазалайтын уақытта дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер сіз диетаға отырып, сонымен қатар денсаулығыңызды және жұмысқа қабілеттілігіңізді сақтағыңыз келсе, сізге ақуыздар, көмірсулар, дәрумендер, минералдық заттар мен амин қышқылдарынан басқа өсімдік және жануар майлары д
Қарау
Аралас теріге арналған маскалар
Қарау
Шаш саулығына қажет дәрумендер
Қарау
Үйде жүріп арықтаудың жолдары
Қарау
Кез келген макияжды бұзатын қателіктер
Қарау