Тері күтіміндегі қателіктер

Ұйықтар алдында жасайтын күтім таңертеңгі келбетімізге тікелей әсер етеді. Кейде өзіміз байқамай қалатын қателіктер тізімін ұсынамыз.


 Бояуды сүртпеу. Ұйықтап жатқанда бояу біз қалағандай жұмыс істемейді. Егер ұйықтар алдында бетіңіздегі бояуды сүртпесеңіз, ол терідегі ұсақ тесіктерді бітеп, қабынуға итермелейді және терінің қартаюын тездетеді.

 Күндізгі крем қолдану. Күндізгі кремдер (көпшілігі) құрамында күннен қорғайтын фактор болады. Сол үшін түнгі кремдерге қарағанда бағасы сәл қымбаттау. Ал ондай күннен қорғайтын фактор бізге түнде қажет емес. Арнайы түнгі кремдер қанық әрі тез сіңгіш болады. Соның себебінен түнгі уақытта жасушалар табиғи жолмен қалпына келуіне көмектеседі.

 Шашты жіберу. Шашты жинап ұйықтау шарты барлық адамға арналмаған. Тек бет терісі безеу шығуға бейім адамдарға қойылатын шарт. Бізге "майлы тері" сөз тіркесі таныс, сонымен қатар шашта да май болатынын ұмытпауымыз керек. Егер шашыңызды жіберіп ұйықтасаңыз, шаш бетке тиеді. Содан соң шаштағы майлар бет терісінің жасушаларын бітейді. Сондықтан ұйықтар алдында шашыңызды жұмсақ резеңкемен жинап жатқаныңыз жөн. 

 Массаж жасауды ұмыту. Бетіңізге массаж жасау үш-ақ минут уақыт жеткілікті. Егер үйреншікті ісіңізге айналдырсаңыз, әжімдерден және тері созылуынан қорықпасаңыз болады. Бет терісіндегі ең нәзік және күйзеліс жиналатын көздің айналасына аса мән беру қажет. Бет терісіне массаж жасаудың әдісін алдыңғы материалда айтып кеткен болатынбыз.

 Скрабты шектен тыс қолдану. Әрине, тері жасушаларының қабыршақтануынан құтылу дұрыс әрі жағымды. Бірақ скрабты аптасына екі реттен артық қолданбаған жөн. Скрабты көп қолданғаныңыздың зияны 20 жасыңызда білінбейді. Ал 30 жасқа толғанда теріңіз сезімтал бола бастап, қылтамырлардың жарылуына әкеледі. Соның салдарынан теріңіз ауырғыш және сырт көзге шаршаңқы көрінетін болады.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Қол терісін қабыршақтанудан емдеу 
Қарау
Сұлу болу үшін не жеу керек?
Қарау
Кеңсеге бірге ала баратын бояулар
 Кеңседе жұмыс жасап отырып, өз-өзіңізге көңіл бөлмей кетеміз. Аяқ астынан шаралар ұйымдастырылып, ел алдында сөз сөйлеу керек болса, таңертең асығып жүріп боянбағаныңыз есіңізге түседі. Осы сәтте сізде ыңғайсыздықтан шығару үшін "кеңсе үстеліндегі бояуларыңыз" көмекке келеді. Ерінге арналған бальзам  Ерін терісі жұқа әр
Қарау
Бет күтімі: минералды су
Қарау
Сұлу болу, сау болу – өз қолыңда!
Қарау
Диета құрысын, қарным ашты!
Қарау
Тері күтіміндегі қателіктер
Қарау