Далаптың қандай түрлері болады және оны қалай таңдау керек?

 Қыздар макияжға көп көңіл бөледі. Косметика таңдауға тіпті көп уақыт жұмсайды. Далапты алайық. Далап таңдауға дұрыстап кіріссеңіз, біраз мәселелер туындайтынын байқайсыз.



 Ең алғашқы далаптар археологтар жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған. Олар өсімдіктің іші бос сабағынан жасалған. Сабақтың іші жануар майымен араластырылған бояғыш заттармен толтырылған. Далаптың тарихына үңілсек, оны әркез тек әйелдер пайдаланбаған. Мысалы, ХVІІІ ғасырда далап тек ер адамдарға қажет болған. Бұдан бір ғасырдан кейін далапты актрисалар пайдалана бастайды. Кино пайда болғаннан кейін ерекше боялған ерін сәнге айналады. Еріндерге әр түрлі атаулар берілген: «раушангүл гүлшанағы», «ара тістеген қансорғыш еріндер», «аңшы садағы». ХХ ғасырдың 20-40-жылдарында әйелдер ауыздарын кішірек етіп көрсету мақсатында еріндерін шетіне дейін толық боямайтын. 50-жылдарда әйелдер түрі мен түсі табиғи болып келетін далаптарға көбірек мән бере бастаған.

Далаптың қандай түрлері болады?

 Ылғалдандырушы далап. Мұндай далапты ерін ылғалды көп мөлшерде қажет ететін көктем және жаз мезгілдерінде жағыңыз. Себебі, ол қабыршықтанудың алдын алады және күн көзінің тікелей сәулелерінің әсерінен қорғайды. Ылғалдандырушы далаптың тағы бір аты – атласты далап. Оның құрамына какао, авокадо, күнбағыс және кокос майлары кіреді. Ал негізін минералды және өсімдіктен жасалған заттар құрайды. Кез келген жастағы әйел далаптың өзіне қажет түсін таңдап ала алады. Түстер өте көп: қанық қызыл мен қою қызыл түстен бастап, нәзік күлгін және боз сарғыш түспен аяқталады. Бұл далаптың бір кемшілігі – тез кетіп қалады, сондықтан, әркез жаңадан бояп отыру керек.

 Қоректендірушіі далап. Бұл далап ылғалдандырушы далап сияқты жылтырамайды, күңгірттілігімен және байқалмайтын жылтырымен ерекшеленеді. Бұл оның құрамында бояғыш және өсімдіктен жасалған заттардан басқа опаның да бар болуына байланысты. Бұл далапты қыс мезгілінде пайдаланған дұрыс, себебі, ол ерінді шытынаудан қорғайды. Бір кемшілігі – жайылып кететіндігі. Далап жайылып кетпес үшін оны жағар алдында пішінді айқындайтын қарындашты пайдаланамыз.
 
 Берік далап. Атына қарап-ақ бұл далаптың артықшылығын білуге болады. Егер сізге бокал мен киімде, құрбыларыңыздың бетінде далаптың ізі қалып қоятындығы ұнамаса, онда дәл осы берік далапты пайдаланыңыз. Оның әрекет ету уақыты 8 сағаттан 24 сағатқа дейін жалғасады. Бұл далаптың құрамына бояғыш дақтар мен ұшпа эфир кіреді. Ұшпа эфир далапты жаққан соң бірнеше минутта жоқ боп кетеді. Осылайша, ерінде түсті қабықша ғана қалады.

 Гигиеналық далап. Ерініңізді құрғақтықтан, шытынаудан және күн көзінің әсерінен қорғайтын далап қажет болса, ойланбастан осы далапты таңдаңыз. Бұл далап күз мезгілінен қыс мезгіліне өтер кезде көп қолданылады. Құрамына қоректендіруші және жұмсартушы заттар, майлар, дәрумендер кіреді. Бұл далап түссіз, бірақ өте пайдалы.

 Жылтыр далап. Бұл далаптың құрамында да дәрумендер мен өсімдік майлары бар. Майдың үлесі көбірек болғандықтан, тез кетіп қалады және қанық рең бермейді. Алайда, соңғы кездері бұл далаптың пайдасына емес, түсіне көп көңіл бөлініп жүр. Сол себепті косметикалық дүкендерден әр түрлі қанық түстегі жылтыр далап табуға болады. Жылтыр далап макияжды табиғи етіп көрсетеді.

 

Дереккөз: Қыздарға пайдалы кеңестер

0
түсініктер
Арықтағысы келетін адамдарға арналған кешкі астың 4 ережесі
Қарау
Шаш түсудің басты себептері
Қарау
Макияждағы өрескел 20 қателік
Бұл қателіктерді біз басқа аралдарда тұратын қыз-келіншектерден емес, күнделікті қасымызда жүретін әріптес қыздар, сылқым сіңілдеріміз, өзін сұлу санайтын құрбымыздың макияжынан байқадық. Арасында сіз де болып жүрмеңіз… 1. Дайын емес теріге декоративті косметика жағу Кейбір қыз-келіншектер макияждың алдында ылғалдандырушы базаны жағу
Қарау
Аяғыңыздың бес «жауы»
Қарау
Аңыздарды жоққа шығарамыз – ақ шашпен не істесе болады, оны қашан бояу керек
Қарау
Арықтау кезінде сағыздың «пайдасы»
Қарау
Далаптың қандай түрлері болады және оны қалай таңдау керек?
Қарау