Қолға күтім жасаудың басты ережелері

Кез келген жан қол терісінің сұлу болғанын қалайды. Ол үшін сұлулық салондарын жағаламай-ақ, қолға күтім жасаудың басты ережелерін білсеңіз де жеткілікті. Олай болса айта отырайық. Толығырақ: massaget.kz


  • Қолдың тері күтіміне сабынның да әсері көп болады. Арзан немесе иісі тым өткір сабынды қолданбаңыз. Балаларға арналған сабындар пайдалы келеді.

 

  • Қолыңызды ыстық суға салуға әуестенбеңіз. Өйткені ыстық су қол терісін құрғатады. Жылы суға салыңыз. Көбіне бөлме температурасындағы сумен жуыңыз.

 

  • Ауа-райы суыта бастағаннан қолғап киіп жүріңіз.

 

  • Ыдыс жуатын сұйықтық, кір жуу ұнтағын қолғапсыз қолданбаңыз.

 

  • Күннен түсетін ультракүлгін сәулелерден қорғану үшін арнайы кремдерді пайдаланыңыз.

 

  • Қол терісіне арналған кремдер түрлі лосьондарға қарағанда теріге пайдалырақ болады. Жатар алдында қолыңызға вазелин жақсаңыз да жақсы әсер етеді. Вазелин жаққаннан кейін мақта-матадан жасалған қолғап киіп, таңға дейін ұстаған дұрыс. Таңертең қолыңыздың терісі нәзік әрі жұмсақ болады.

 

  • Шынтақ терісіне де күтім қажет. Күстеніп кетпеу үшін күнбағыс немесе зейтүн майын аздап жылытып, оны мақтаға сіңіріп, шынтаққа басып тұрыңыз. Сонда шынтақ теріңіз құрғап кетпейтін болады.

 

  • Күніне кем дегенде екі рет қолыңызды жуғаннан кейін крем жағуды әдетке айналдырыңыз.

 

0
түсініктер
Беттегі қара нүктелерді қалай кетіруге болады?
Қарау
Бұйра шаш күтімі
Қарау
Қыздарға арналған кішкентай қулықтар
 «Аяғым ұзын болып көріну үшін не істеймін?», «Арық көріну үшін қалай киінген дұрыс?», «Беті домалақ қыздарға қандай ойығы бар кофта жарасады?» - қыздардың сұлулық жайлы сұрақтары ешқашан таусылмаған. Кейбіріне бүгін жауап табылды.  1) Ақшыл сары туфли мен қысқа белдемше аяқтарыңызды ұзын етіп кө
Қарау
Әжімнің ерте түсуіне әсер ететін күнделікті әдеттер
Қарау
Үйде бетке пилингті қалай жасауға болады
Қарау
Қолға күтім жасаудың басты ережелері
Қарау
Шашты күнде жуу зиян
Қарау