Ас содасының бет терісіне әсері қандай?

Жылдың қай мезгілінде болмасын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне өзіндік пайдасы бар. Табиғи өнімдерден әртүрлі маскалар қолдану бет терісін тазалауға, нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі. Солардың бірі - ас содасы. Оны қаншама уақыттан бері үй шаруасында қолданып келгенімізбен, косметикалық құрал ретінде пайдалану көпшіліктің ойына келмеген. 


Ас соданың сырт келбетімізге қандай күтім жасай алады соған тоқталайық:

Пиллинг. Әдетте жуынуға қолданатын гель немесе көбікшеңізге бір шымшым соданы қосып, алақаныңызда араластырыңыз. Көпіршітіп бетке асықпай жағып шығыңыз. Бірнеше минут бетіңізді уқалап, салқындау сумен жуып тастаңыз бұл жұмсақ скраб беттегі ұсақ тесіктерді ашып, өлі жасушалардан тазартып, теріні нәзік әрі қалыпты етеді.

Безеу, бөртуден тазарту. Жылы сода ерітіндісімен жуынып, беттегі бөртуді емдеуге болады. Ерітінді теріні құрғатып, ісіну мен қозуды басады.

Теріні емдеуге арналған маска. Екі ас қасық ұнды (бидай, сұлы не қарақұмық ұны жарайды) бір шай қасық содамен араластырыңыз. Қоспа араласып біткенінше жылы су қосып отырыңыз. Масканы таза бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы суға суланған мақтамен сүртіп тастаңыз. Бұл әдісті күніне бір рет жасап тұрған жөн.

Шашты тазарту. Сода гель, лак, маскалардың қалдықтарынан жақсы тазартады. Өзіңіздің сусабыныңызды 4:1 қатынасында содамен араластырып, шашыңызды әдеттегідей жуыңыз. Шашыңыз жұқарып, жылтырай түседі.

Тісті ағарту. Тіс жуу барысында пастаның үстінен бір шымшым сода сеуіп, тазалауға кірісіңіз. Бұл скраб тістің эмалін бұзбай тазартады.

Қызыл иектің ісінуін басады. Қызыл иектің ісінуін басу үшін ас содасын пастаға айналатындай етіп аздаған сумен араластырыңыз. Сосын саусақпен қоспаны қызыл иектің бойына жағып, уқалаңыз.

Иісті жою. Ауыз қуысындағы бактерийлерден қышқылдар туындап, тістің эмалін бұзады. Ал ол өз алдына ауызда жағымсыз иістің пайда болуына әсер етеді. Бұл қышқылдарды жою үшін күніне ауызды бірнеше рет сода ерітіндісімен шайып тұру керек. Оны дайындау үшін бір стақан жылы суды бір шай қасық содамен араластырыңыз. Бұл ерітінді сондай-ақ, аяқ және қолтық иісін де кетіруге көмектеседі.

 

Бет күтіміне арналған сиқырлы қоспа

Кез келген әйел заты өмір бойы әдемі болуды қалайды. Алайда бұл үшін арнайы уақыт бөліп, күтім жасау керек. Бұл орайда сізге майсана майы көмекші бола алады. Ол тек шашқа арналған ингредиент емес, әжімдерді жазатын, целлюлиттің алдын алатын сиқырлы құрал.

Майсана майы – кез келген дәріханадан табылатын арзан дәрмек. Сол себепті, оны жиі пайдаланып тұруға болады. Құрамындағы Е дәрумені шаш пен кірпікті өсіруге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл дәрумен терінің жұмсақ, созылғыш болуына әсер етеді. Ал құрамындағы антиоксиданттар мен өсімдік ақуыздары тері саулығына пайдалы.

Майсана майы бет терісіне қалай әсер етеді? Ол теріні нәрлендіреді және ылғалдандырады. Майсана майы теріге тереңдеп кіре алатындықтан, беттегі дақтар мен секпілді емдей алады.

Құрамындағы антибактериалды элементтер безеу мен бөртуді емдеуге көмектеседі. Демек, майсана майы қыздарымыздың көп проблемасын шеше алады деген сөз.

 

Әжімді жазатын маска

1 ас қасық майсана майын 1 шай қасық зәйтүн, шырғанақ майымен араластырыңыз. Бетке жағудың алдында қоспаны қыздырып алыңыз. Майды мақтамен бетке жағып, 2-3 минут бойы уқалаңыз. Масканы 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

 

Әмбебап маска

Бұл маска беттің кез келген типіне сәйкес келеді. Ол бетті жылтыр әрі балғын етеді. 1 ас қасық майсана майын жұмыртқаның сарысымен араластырып, шанышқымен көпіршітеді. Қоспаны бетке жағып, жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз.

Құрғақ, солғын бетке арналған маска

Қайнаған картопты ыстық күйінде шанышқымен езіп, жұмсартыңыз. Оған 1 ас қасық жылы сүт, майсана майы мен жұмыртқа сарысын қосып, араластырыңыз. Езбені бетке қалың етіп жағыңыз. Қоспа суыған соң жуып тастауға болады.

 

Сергітетін маска

Жасыл алманың қабығын аршып, үккішпен үгітіңіз. 1 ас қасық майсана майымен араластырып, қоспа дайындаңыз. Алманың орнына апельсин, жүзім, мандарин не киви пайдалануға болады. Бұлардың құрамында С дәрумені мол. Масканы 15-20 минуттан соң жылы сумен жуып тастау керек.

 

Ағартатын маска

Беттегі секпілді азайту үшін 1 шай қасық майсана майын 1 ас қасық қияр жұмсағымен араластырып, қоспа дайындаңыз. Оған 1 шай қасық лимон шырынын не 1 ас қасық айран қоссаңыз, әсері жақсара түседі. Бетке жағып, 15 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.

 

Дереккөз: islam.kz

0
түсініктер
Лак таңдау ережелері
Қарау
Киім түстерін үйлестіру
Қарау
Тоналды кремді қалай таңдау керек?
Тоналды крем таңдаудың қиындығы көптеген қыздарға белгілі. Дұрыс таңдалмаған крем бет-әлпетті жасанды етіп қана қоймай, теріге зиян келтіруі де мүмкін. Сапалы, лайықталып таңдалған крем терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді. Тері типіне назар аударыңыз  Егер тоналды крем теріңіздің ти
Қарау
Аксессуар таңдаудың үш ережесі
Қарау
Әтірлердің түрлері
Қарау
Киімді құнды етіп көрсетудің 8 тәсілі
Қарау
Мүсініңіз сұлу болсын десеңіз...
Қарау