Үй жағдайында бетті ағартамыз 

1. Қиярмен бетті ағарту маскасы. Қиярды тазалап, үккіштен өткіземіз. Қиярдың ортасындағы жұмсақ жаерінен алып, шай қасық лимон шырыны мен жарты ас қасық қаймақ қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетке жағып, 15 минутқа қалдырып, бетті жуамыз. 

2. Сүт өнімінен бетті ағарту маскасы. Айранды балмен араластырып, жағып, 15 минутқа қалдырасыз да, жуып тастайсыз. 

3. Лимон мен қаймақтан бетті ағарту маскасы. Қою керемет ас қасықпен қаймақ түрін алып, ас қасық лмион шырынын қосамыз. Араластырып, бетке жағып, 15минуттан соң сумен жуамыз. 

4. Күріш арқылы маска жасау. Күрішті жұмсақ болғанша қайнатып, дайын болған соң, суытамыз. Сосын бетке жағуға болады. Немесе мұз формасына дайын болған күрішті салып, қатырып, мұз ретіндегі күрішпен бетті сүртуге болады. Бұдан соң міндетті түрде крем жағу қажет. 
 

Маска түрлерін аптасына бір рет жасаған жөн. 

Бетті ағарту үшін, әдемі, тегіс болуы үшін, тек маска жасау жеткіліксіз. Ең бірінші, өз теріңіздің типіне байланысты құрал түрін таңдап, күтім жасауды ұсынар едім. Өйткені, бетті тек сумен жуу - беттің әдемі, тегіс болуына кепілдік бермейді. Ал, сабынмен жуу-бетке зиян екенін білеміз. Сондықтан бетке арналған арнайы құралдар сабын орнына қолданылып, беттің әдемі болуына көмектеседі. 

Содан соң ғана маска жасау-керемет көмектеседі. Жәyе айта кететін жайт - күнге шыққанда күннен қорғайтын крем немесе арнайы крем немесе тоналды крем жағатын болсаңыз, құрамында күннен қорғайтын элементі бар тоналды кремін жаққан жөн. Әйтпесе, үйде жаққан маска - күннің әсерінен қорғамайды 

Тіптен, бетіңізге бояу жағып, косметика қолданбасаңыз да, бет күтімін ерте жастан бастау - өсе келе беттің әдемі, тегіс, аппақ болуына көп көмектеседі.

 

0
түсініктер
Арықтағысы келетін адамдарға арналған кешкі астың 4 ережесі
Қарау
Шаш түсудің басты себептері
Қарау
Макияждағы өрескел 20 қателік
Бұл қателіктерді біз басқа аралдарда тұратын қыз-келіншектерден емес, күнделікті қасымызда жүретін әріптес қыздар, сылқым сіңілдеріміз, өзін сұлу санайтын құрбымыздың макияжынан байқадық. Арасында сіз де болып жүрмеңіз… 1. Дайын емес теріге декоративті косметика жағу Кейбір қыз-келіншектер макияждың алдында ылғалдандырушы базаны жағу
Қарау
Аяғыңыздың бес «жауы»
Қарау
Аңыздарды жоққа шығарамыз – ақ шашпен не істесе болады, оны қашан бояу керек
Қарау
Арықтау кезінде сағыздың «пайдасы»
Қарау
Далаптың қандай түрлері болады және оны қалай таңдау керек?
Қарау