Қалай тез ағаруға болады?!

Жаздыгүні көп адамдар қарайып, күнге күйгенді жақсы көреді. Ал кейбір адамдар үшін денесінің күнге күймей, өз терісінің түсі сақталғаны маңызды. Бетті ағартқан секілді денені ағартатын керемет рецепт бар деп айта алмаймыз. Тек өзіңізге күтім жасап, күйюдің алдын алсаңыз, дене теріңіз өзіңіз қалағандай болады. 


1. Далаға шығар алдында, күн ыстық болса міндетті түрде күннен қорғайтын крем жағыңыз. Бетпен қатар, аяқ-қолға, тіптен денеге жағуға болатын түрлері бар. Күннен қорғайтын крем барлық мәселені шешеді. Беттің секпіл, әжім шықпауынан қорғап, киім жоқ жерде күннің ізі қалып, дененің күюінен қорғайды.

2. Ванна қабылдау кезінде арнайы теңіз тұзын пайдаланыңыз. Суға теңіз тұзын сеуіп, ванна қабылдасаңыз, денені кішкене ағартуға септігі тиеді. 

3. Душ немесе ванна қабылдау кезінде денеге арналған скраб қолданыңыз. Дененің артық, өлі терісін алып, түгелдей тазартып, дене терісінің жұмсақ болуына көмектеседі. Егер сол серияның, яғни иісі бірдей скрабпен қоса жуынуға арналған гель түрін қолднасаңыз тіптен керемет. 

4. Теріні ағартуға ақ глина көмектеседі. Дайындап, денеге жағып, 10-15минутқа қалдырасыз. Аптасына 1-2рет қолдануға болады. 

5. Терінің әдемі әрі жұмсақ болуы үшін арнайы денеге күтім жасау құралдарын қолданыңыз (денеге арналған гель, скраб, маска, крем.т.б). Күнделікті ұйықтар алдында денеге арналған крем жағу да - керемет.

 

Үй жағдайында бетті ағарту:

1. Қиярмен бетті ағарту маскасы. Қиярды тазалап, үккіштен өткіземіз. Қиярдың ортасындағы жұмсақ жаерінен алып, шай қасық лимон шырыны мен жарты ас қасық қаймақ қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетке жағып, 15минутқа қалдырып, бетті жуамыз. 

2. Сүт өнімінен бетті ағарту маскасы. Айранды балмен араластырып, жағып, 15 минутқа қалдырасыз да, жуып тастайсыз.

3. Лимон мен қаймақтан бетті ағарту маскасы. Қою керемет ас қасықпен қаймақ түрін алып, ас қасық лмион шырынын қосамыз. Араластырып, бетке жағып, 15минуттан соң сумен жуамыз.

4. Күріш арқылы маска жасау. Күрішті жұмсақ болғанша қайнатып, дайын болған соң, суытамыз. Сосын бетке жағуға болады. Немесе мұз формасына дайын болған күрішті салып, қатырып, мұз ретіндегі күрішпен бетті сүртуге болады. Бұдан соң міндетті түрде крем жағу қажет. 

Ескерту: Маска түрлерін аптасына бір рет жасаған жөн. 

 

0
түсініктер
Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек 
Қарау
Әр бойжеткен білуі тиіс сұлулық сырлары
Қарау
Детокс Диетасы 10 Күнде
 Нашар экология, сапасыз азық-түлік, жаман әдеттер, стресс және теңгерімсіз диета болғандықтан, адам ағзасында көптеген шлактар ​​мен токсиндер жиналады. Осыған байланысты, токсиндер мен басқа зиянды заттардың тез арада тазартылуы қажет.  Бақытымызға орай, бұл жағдайда дене салмағын жоғалтуға арналған арнайы детокстық диета ойлап шығар
Қарау
Қыс мезгіліндегі шаш күтімі
Қарау
Одри Хепберн - Сұлулық сыры
Қарау
Сұлу болудың сыры — күтімде
Қарау
Құрғақ теріге күтім жасаудағы қателіктер
Қарау