Ыстықта тері күтімі

Күн, ыстық ауа райы, әрине, жақсы. Алайда теріні ол қуанта қоймайды. Өйткені ыстық күнде тері құрғап, ультракүлгін сәуледен зардап шегеді. Ендеше, ыстықта теріні қалай қорғау керек?

 

1. Бәрін жұмсартыңыз

Қысқы косметика мен жаздықтың ерекшелігі көп. Тониктің құрамында спирті жоғын пайдаланыңыз, скрабтың да жұмсақ біркелкі тегіс түрін қолданған жөн. Жаздыгүні тері онсыз да ыстықтан көп зақымданады.

 

2. Балшықпен маска жасаңыз

Жаздың ыстығында терісі майлы қыздардың беті жылтырап, майланып  тұратыны жасырын емес. Ал оны болдырмау үшін бет терісіне ақ, жасыл және көкшіл балшықтан маска жасау керек. Бұлар майды жақсы сіңіріп, терідегі ұсақ тесіктерді тазалайды. Бастысы, балшықтан жасалған маскамен 20 минуттан астам уақыт отырмау керектігін естен шығармаңыз. Әйтпесе, бет терісі тым құрғап, жарылып кетеді. Масканы аптасына бір рет жасау да жеткілікті.

 

3. Ультрадыбыстық тазалауды таңдаңыз

Жаздыгүні пилинг жасаудан аулақ болу керек. Өйткені пилингтен кейін күн сәулесінен теріде пигменттік дақтар пайда болуы мүмкін. Ал оларды тазалау қиынға соғары сөзсіз. Косметолог мамандар оның орнына ультрадыбыстық тазалау жасаған дұрыс екенін айтады. Оны жылдың кез келген уақытында байқап көруге болады.

 

4. Жеңіл макияж жасаңыз

Тональді кремді баттастырып жағуды ұмытыңыз. Оның орнына ВВ немес СС кремдерді қолданыңыз. Олар теріге жеңіл, әрі жағылуы да оңай. Сондай-ақ жаз маусымында жасалатын жеңіл макияжға жақсы. Ал ерінге далап жаққанша, гигиеналық бальзам жаққаныңыз жөн.

Жазда макияжды мейлінше аз жасаған жөн.

 

5. Көбірек көк-сөк жеңіз

Жеміс-жидектер мен көкөністер – дәрумендер қоры екенін естен шығармаңыз. Таңертең де, түсте, кешке де көк-сөктен ауызыңыз құрғамаса, оның еш зияны жоқ. Жаңа піскен жеміс-жидектер ағзаны улы токсиндерден тазалап, теріге өң береді.

 

6. Косметика ретінде қолданыңыз

Жеміс-жидек пен көкөністерді жеп қана қоймай, косметика ретінде де қолданыңыз, олардан түрлі маска жасауға болады. Мысалы, шабдалы теріні тыныштандыратын қасиетке ие болса, баялды мен кәді теріні жақсы ылғалдандырады, сәбіз безеуді, ал құлпынай қара дақтарды кетіреді.

 

7. Су ішіңіз

Ыстықта теріге бәрінен бұрын көп мөлшерде су керек. Күнделікті 1,5 литрден артық су ішкен жөн. Қарапайым су мен сұйықтықтың айырмасы бар екенін есте ұстаңыз. Шай, сорпа, шырындар мен коктейл су емес, сұйықтық. Ішкен суыңыздың мөлшерін санағанда бұларды қоспаңыз. Сондай-ақ беті-қолыңызды жуғанда орамалмен сүртінудің де аса қажеті жоқ. Теріге су өзі-ақ сіңіп кетеді.

 

8. Термальді су қолданыңыз

Күннің ыстығында термальді су терімізге көп көмек бола алады. Теріні ылғалдандырғыңыз келгенде міндетті түрде бетіңізге шашып отырғаныңыз жөн.

Термальді суды қалай қолданады? Бетіңізге қарата, 10-15 см қашықтықта ұстап, дөңгелек жасай шашыңыз. Сондай-ақ ауаға шашып, бетіңізді астына тосуыңызға да болады. Шашқан соң оның толықтай кеуіп кетуін күтудің қажеті жоқ. Екі минуттан кейін беттегі артық спрейді қағаз майлықпен сүртіп тастаңыз.

 

9. Мұз сергітеді

Ыстық күнде теріні сергітіп отырудың жөні бөлек. Ал мұндайда тоңазытқышта алдын ала қатырып қойған мұздың көмегі көп. Тоңазытқыштың мұз қатыратын ыдысына минералды судан немесе шөп тұнбаларынан, көк шайдан құйып, мұз қатырып қойыңыз. Онымен таңертең, кешке бетті сүртіп тұрудың пайдасы мол.

 

10. Көзді қорғаңыз

Көздің айналасындағы терінің өте нәзік екенін ұмытпаңыз. Ерте түсетін ұсақ әжімдердің алдын алып, көздің астына арнайы кремдерін жағып жүріңіз. Сонымен қатар ыстық күнде күннен қорғайтын көзілдірік тағу есіңізде болсын.

 

 

 

Дайындаған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: belleza-salud.ru

 

0
түсініктер
Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек 
Қарау
Әр бойжеткен білуі тиіс сұлулық сырлары
Қарау
Детокс Диетасы 10 Күнде
 Нашар экология, сапасыз азық-түлік, жаман әдеттер, стресс және теңгерімсіз диета болғандықтан, адам ағзасында көптеген шлактар ​​мен токсиндер жиналады. Осыған байланысты, токсиндер мен басқа зиянды заттардың тез арада тазартылуы қажет.  Бақытымызға орай, бұл жағдайда дене салмағын жоғалтуға арналған арнайы детокстық диета ойлап шығар
Қарау
Қыс мезгіліндегі шаш күтімі
Қарау
Одри Хепберн - Сұлулық сыры
Қарау
Сұлу болудың сыры — күтімде
Қарау
Құрғақ теріге күтім жасаудағы қателіктер
Қарау