Ағарғанмен ажарымызды ашайық!

 Нәзік жандылардың барлығы сұлулыққа құштар. Бұл - табиға заңдылық. Арулардың көбісі ажарлы болу үшін қымбат косметикаға жүгініп, қыруар ақша жұмсап жатады. Алайда сіз  еш әбігерге түспей-ақ, айран-сүттің көмегімен көркіңізге көрік қоса алатыныңызды білесіз бе? Олай болса, мархабат...

 

 Бірінші кеңесіміз қыздың көркі болып табылатын шаш күтіміне тоқталайық. Қазақ халқы әлімсақтан айран-сүтті косметикалық құрал ретінде пайдаланған. Тіпті, күні кеше дейін әжелеріміз қолаң шаштарын айранмен жуғанын көзіміз көрген.  Ал қазір ажарын ашуға ниеттеген қыз-келіншектер ағарғанның көмегіне жүгіне бермейді.

 

 «Қаржылық дағдарыс екі бүйірден қысқан мынадай қысылтаяң кезеңде, үй жағдайында төрт түліктің көмегінен неге сұлу болмасқа?» деген сауал келеді. Расында, түсіне білген кісіге бұл өте тиімді жол, замандастар.  Олай болса, шашыңызға айына 2 рет  айраннан маска жасауды әдетке айналдырыңыз.  Бұл масканың нәтижесінде шашыңыз жылтырап, тез өсетін болады.

 

 Ал бетін күтіме сүт таптырмайтын косметикалық құрал болып есептеледі.  Егер сіз аптасына 2-3 рет бетіңізді сүтпен  жуып тұратын болсаңыз, теріңіз сәбидің терісіндей жұмсарып, ағара түседі. Сондай-ақ қол терісінің сұлу қалпын сақтау үшін қолдан жиі нан иелеңіз. Ұн терінің жұмсақтығын сақтап, қартаю процесін тежейді. Бұған қоса, соңғы уақытта ғалымдар қымыздан түрлі косметикалық заттарды жасауға болатынын айтып жүр. Бұйыртса,  косметология саласында қазағымыздың айран-сүті мен қымызы кеңінен қолданылатын күн туады деп сенеміз.

 

Дайындаған: Индира Тәліпқызы

0
түсініктер
Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек 
Қарау
Әр бойжеткен білуі тиіс сұлулық сырлары
Қарау
Детокс Диетасы 10 Күнде
 Нашар экология, сапасыз азық-түлік, жаман әдеттер, стресс және теңгерімсіз диета болғандықтан, адам ағзасында көптеген шлактар ​​мен токсиндер жиналады. Осыған байланысты, токсиндер мен басқа зиянды заттардың тез арада тазартылуы қажет.  Бақытымызға орай, бұл жағдайда дене салмағын жоғалтуға арналған арнайы детокстық диета ойлап шығар
Қарау
Қыс мезгіліндегі шаш күтімі
Қарау
Одри Хепберн - Сұлулық сыры
Қарау
Сұлу болудың сыры — күтімде
Қарау
Құрғақ теріге күтім жасаудағы қателіктер
Қарау