Төсек қатынасынан ләззат алмауыңызға не себеп?

Мирошниченко Лариса Владимировна, психолог, сексолог

 Жыныстық қатынас жайлы  ел арасында  басқаша түсінік қалыптасқан.   Қорқыныш, бірқалыптылық, сенімсіздік, ұят. Әрине, мұның  дұрысы да бұрысы да бар. Десе де,  жыныстық қатынастағы қателіктердің кесірінен кейде  ләззат  ала алмай жатамыз. 

  •  Жыныстық қатынас жайлы жолдасыңызбен талқылау ыңғайсыз әрі  ақымақтық болар. Дегенмен, төсек қатынасында сізге  не ұнап, не ұнамағанын айтпасаңыз қайдан білсін. Егер жыныстық қатынас  бұрынғыдан да жақсы болғанын қаласаңыз, еркегіңізбен  әңгімелесіңіз, ой бөлісіңіз. Қалауыңызды айтыңыз, пікіріңізді жасырып қалмаңыз.
  • « Мен олай жасасам әдемі көрінбеймін. Сырт көзге қалай көрінеді екенмін?» Деп алаңдамаңыз.  Кейбір келіншектер болмысындағы кемшілікті   жасыру  үшін кейде қатынасқа түспей қалады. «Арықтап алайын немесе төсім кішкентай» деген сынды пікрілерді жиі естіп жатмыз. Есіңізде болсын, еркегіңіз қалап тұрса, еш бас тартпаңыз. Осылай істей отырып, оның махаббатын өшіріп аласыз. Өзіңізді еркін ұстап, ләззат алыңыз. Ал төсек қатынасынан ләззат алған әйелден бақытты жан жоқ.
  • Бірізділіктен бас тартыңыз. Жыныстық қатынастың  басқа түрлерін жасап көруден қорықпаңыз.  Ең бастысы, серіктесіңізге сеніңіз. Ол да сізге жаман болғанын қаламас. Ал егер ұнамай жатқан болса бас тарта аласыз ғой. 
  • Үнемі тек кешке, тек төсекте ғана айналыспай, ережені бұзып көріңіздер.  Сонда  өздеріңізде жалығып кетпейсіздер , есесіне, қызықтырақ бола түседі.
  •  Ерлі-зайыпты болса да әзірге  жүктілікті  қаламайтындар да бар.  Соның салдарынан  кейде қорқып, жыныстық қатынасқа түспейді. Онлай жағдайда қорғаныс құралдарын пайдаланып, дәрігермен кеңесу қажет.  Ал ерлі-зайыптылар арасында төсек қатынасы болуы  шарт.

 

Іске сәт! Өзіңізге сеніңіз!

 

0
түсініктер
Еркектер көзімен: Әйелдің төсек қатынасында жіберетін қателіктері қандай?
Қарау
Төсек ләззатын созудың жолдары
Қарау
Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік
1. Қыздық «перде» — пәктік белгісі.  Жалпы «пәктік» деген әдемі ұғымның алдында шляпімді шеше отырып, 100 пайыз біреудің пәк не пәк еместігін анықтайтын медициналық тәсілдің жоқтығын қаперіңізге салуға рұқсат етіңіз. Даулас-дауласпа, қыздық пердесін «жаман бала» мектепте дене шынықтырып жатып та, оң
Қарау
Төсек қатынасынан ләззат алмауыңызға не себеп?
Қарау
Қалай қашықтықта тұрып секспен айналысуға болады?
Қарау
Жыныстық қатынастағы мәдениет
Қарау
Төсекте тояттанамын десеңіз... (міндетті түрде оқыңыз)
Қарау