Бақытты отбасы болудың құпиясы

Адалдық-ерлі-зайыптылар ауызбіршілігінің айқын белгісі.

                                                                            Д.Фонвизин

 

 Бақытты отбасы болудың негізгі құпиясын біз білмеуіміз де мүмкін. Біз білгіміз келіп тырысқанмен,отбасының құпиясы өзімізде яғни от анасы әйелге байланысты екенін білуіміз шарт. Әйел адам табиғатынан сезімтал болып келеді басқа отбасыларға қарап қызығып, ішкі қиналыспен неге біз осылай емеспіз? Жұрттың күйеулері жақсы ақша табады, біздің күйеуіміз болса мынау, деп айтпастан бұрын әйел адам өз аналық міндетін қалай орындап жүр...

 Бақытты отбасы болудың құпиясын білгіңіз келсе төмендегі кеңестерге құлақ асыңыз:

 

Бірінші қағида - Отбасы үшін маңызды дүиие сенім. Сенім болған жерде отбасының ынтымағы артатын болады.

 

Екінші қағида - Өз күйеуіңізді бағалаңыз, сыйлаңыз. Сізді ренжіткен болса сол уақытта айтыңыз, айтпай жүре берсеңіз уақыт өте келе өзіңізге қиын келеді. Жүрегіңізді тыңдай біліңіз. Күйеуіңізбен өткен әр күнді соңғы күнім деп көңілді өткізіңіз. Жан тәніңізбен сүйіңіз.

 

Үшінші қағида - Отбасындағы үй шаруасы болсын, ұсақ-түйек дүниелерді сен істемедің, мен істедім деп,ұрысқанша үлгере алмайтын үй шаруаларын бірге атқаруға тырысыңыздар  араларыңызда екі есе сүйіспеншілік пайда болады

 

Төртінші қағида - Күйеуіңіздің жұмыстан келген сәтте көңіл-күйі болмаса көңіл бөліңіз, кеңес айтыңыз, құшақтаңыз жақсы сөз айтып көңілін көтеріңіз. Бір-бірлеріңізді толықтырып отырыңыз, құрбыларыңызға күйеуіңізді жамандамауға тырысыңыз. Отбасының бақыты шынайы көңіл мен адал сезімде.

 

Бесінші қағида - Әр түрлі тақырыптарда әңгіме айтыңыздар, қызығушылықтарыңыз ұқсас болса,бірге уақыт өткізіңіздер. Егер келіспесеңіз отбасын не үшін құрдыңыз?

 

Алтыншы қағида - Екі жұптың төсек қатынасындағы жыныстық қатынастағы  орындары қандай? Ләззәтқа бөлене аласыз ба? Екі жұптың ләззатқа бөленуі екеуіңізге байланысты. Ендеше барынша жақсы көріңіз бүгінгі күніңізді соңғы күнім деп есептеңіз.

 

Бақытты болыңыздар!          

 

                                     

Дереккөздер: Отбасы күнделігі

Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

 

0
түсініктер
Салауатты махаббат сырлары
Қарау
Әйелдер арманындағы жігіт
Қарау
Қыздарға ұнамайтын сөздер
 Бұл өмірде сұлулардың көңілін, не қалайтынын табу жігіттер қауымы үшін түйінді мәселе десек қателеспейміз. Кино, клиптен көріп кейбір арулар жігітінің романтик болғанын қалап тұрса, енді бірде ондай серіден жалығып, тентек жігіттерге көңіл бөле бастайды. Бұзық жігіттер тобына қандай орта болса да бір мінезінен айнымай, мәдениеттен де, зе
Қарау
Мәңгі бір болу үшін 
Қарау
Ажырасқан әйелден отбасылы келіншекке кеңес
Қарау
Қызғаншақпен қалай өмір сүру керек?
Қарау
Отбасы берекесін сақтау үшін
Қарау