Шаңырақ шаттығы

        Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!

           Иә,Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!

       Шырылдаған үніңнен айналайын,

       Шыныменен өмірге келгенің бе?!

                                                                                   М.Мақатаев

 

 Бала бақыт,бала шаттық бауыр етің, іштен шыққан жаның мен жүрегіңнің бір бөлшегі.Өйткені,бала-өмірдің сәні,отбасының шаттығы,Құдай тағаланың берген сыйы,аманаты. Ата-ана жылуын шашқан күн секілді,сәулесімен баланың ішкі жан дүниесін баурай алғанда ғана оны жете тани алады.Сонда ғана баланың әлсіз тұстары  дәл анықталып,соған сай жұмыс жасайды.Ал бала дегеніміз-тылсым дүние.Осы тылсым дүниенің сырына қаныға түссек,оған үйретілетін нәрселерді дұрыс кезекке қою да жеңілдеу соғады.Егер баланы өз қабылдау деңгейіне үйретсек,кішкене кезінен дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады.Ал егер керісінше ой-пікірмен санаспай,үйреткіміз келген жайттарды жөн-жосықсыз тықпаласақ,онда баламыздың болашағына балта шапқан боламыз.Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани білу қажет.Корей халықтары бала ішке біткен күннен бастап тәрбиелеген,кейде аналар осы балам бұзық мені тыңдамайды дегеннен бұрын,өз баласын ішке біткен күннен бастап қалай тәрбиеледіңіз?Әрбір ана баласының бақытты болуына бар жағдай жасайды, алайда ол дүние ақшамен ғана шешілетін қоғамға айналды.Есіңізде  болсын балаға қажетті аса құнды дүние мейірім мен жылы жүрек осыған қанығып өскен баладан үлкен үміт күтуге болады. Отбасылық өмірде кикілжіңдер мен түсінбеушіліктер болып тұрады, ол жайттарды баланың көзінше жасамаңыздар.ХХІ ғасыр бала писихологиясының ғасыры болады деп, ертеректе ғалымдар тұжырым жасаған екен міне сол тұжырым шындыққа айналды.

 Сіз анасыз алайда сіз өзіңізге сұрақ қойыңызшы, мен балама қандай тәрбие берудемін?Мен оған нені үйретуім керек деп?.Шаңырақ шаттығының дұрыс болмауы ана мен әке қарым-қатынасының  дұрыс болмауынан,бала зардап шегеді.Шаңырақ шаттығының дұрыс болуы екі тірекке байланысты ол ана-әке осы діңгек мықты болған  жағдайда ғана, балада дұрыс ойлайды,жақсы істерге ұмтылыс жасайды.

 Абайдың жетінші қара сөзінде, Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады:біреуі-ішсем,жесем,ұйықтасам деп тұрады.

 Қазақтың әрбір әйел заты өз баласын, қазақы дәстүрмен,мықты мәдениетімен тәрбиелесе,бала ішке біткен күннен бастап,жарық дүниеге келген шағынан бастап, ертегі,бесік жырымен сусындатса бала қандай болып өседі әрине жауабы да дайын, өз елінің мақтанышына айналады.Көзіңізге елестетіңізші бесік жырын тыңдамаған,ертегі естімеген балаңыздың бар уақыты көк жәшікке телмірумен,ұялы телефонды ұстаумен өтсе не болғаны? Сіз білесіз бе?Балаңыз не үшін ұялы телефонмен уақыт өткізетінін өйткені сіз балағызға бар мейіріміңізбен көңіл бөлмейсіз!?Өзіңіз қандай іс-әрекет жасасаңыз балаңызда соған ұмтылады. Техника басқа бала тәрбиесі одан да, қымбат әрі маңызды.Өкініш болмасын десеңіз кеш болса да жақсы жаққа ұмтылыс жасаңыздар.Мысалы:Қазақтың бас ақыны Абай әжесі Зеренің ертегісін тыңдап өскен, бала Абай бұл күнде қазақтың мақтанышы.

 Баланың бақыты өз қолдарыңызда!

 

 

Дереккөздер:

Исламдағы бала тәрбиесі Қ.Бағашар.

Қара сөзер А.Құнанбаев .

 

Дайындаған:Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

0
түсініктер
Ата-ана ажырасқанын балаға қалай түсіндірсе болады?
Қарау
Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу керек?
Қарау
Отбасы бюджеті кімнің қолында болуы керек?
 Шаңырақ көтеріп, отбасын құрғаннан кейін бәрінің де ортақ болатынын ұмытпаңыз. Сіз енді бұрынғыдай жалғыз емессіз. Демек, тапқан ақшаңызды бұрынғыдай өз білгеніңізше оңды-солды жұмсау енді жоқ.    Үй болып, болашаққа бірге ұмтылған соң «сенікі, менікі» деген жоқ. Десе де, «Отбасы бюджеті кімнің қолында болуы
Қарау
Бақытты отбасы болудың құпиясы
Қарау
«Ол менсіз өмір сүре алмайды. Оған онсыз да қиын»
Қарау
Әр әйел білуі керек кеңестер
Қарау
Шаңырақ шаттығы
Қарау