Некені қалай сақтауға болады? Әйелдерге кеңес

Көбіне әйелдер қауымы некені сақтауға тырысады. Әйелдер үшін ең бастысы – бұл қарым-қатынас. Сондықтан, адал жарлар, шаңырағын қисайтпай нық ұстап отыруға талпынады.


 Некені сақтаудың ең бірінші де маңызды ережесі – өз жарыңызға сезіміңізді білдіре білу. Ақылды жар сүйікті адамының мінезіндегі ерекшеліктерді өзінің пайдасына қалай асыру керек екенін біледі. Мысалы, барлық ерлердің мінезінде эго көп кездеседі (болмауы өте сирек кездеседі). Ақымақ әйел білместікпен немесе әдейі үнемі ерінің мінезіне тиіп қалады. Ал, ақылды жар өз сүйген жарының бағасын қалай көтеруді біледі және мұны шынайылықпен жасайды. 

 Ешқашан еріңізді төмен түсірмеңіз және оның кемшіліктерін жұрт алдында айтпаңыз. Оның артынан мүлде өсектемеңіз. Ол ер адам ретінде не сезінетіндігін түсінуге тырысыңыз. Қаншалықты сіз бұл қағидаларды бұзатын болсаңыз, соншалықты сіз арадағы қарым-қатынасты бұзасыз.

 Екіншіден, қарым-қатынастарыңызды нығайту үшін жарыңыз жайлы пікірлеріңіз шынайы болсын. Мүмкін, сіз кейде өзіңіздің құрбыларыңыздың күйеулеріне қарап қызығатын боларсыз. Бірақ есіңізде сақтаңыз: шөп басқа аумақта үнемі жасыл болмайды ғой. Армандаудың орнына, сіз жарыңыздың осындай болғанына шүкіршілік етуіңіз керек. Ол, мүмкін, басқа күйеулер сияқты ауқатты, ақылды немесе сымбатты емес шығар, бірақ оның өзіндік таң қалдырарлық қабілеттері болуы ақиқат. 

 Жарыңызға киліге бермеңіз жіне әрқашан оның қателіктерін жөндемеңіз, әсіресе ол кішкентай ғана болса. Ең нашары, оны төмен түсіруден басқа – талаптарыңызды айтып қинау.  Ер адамдар бай балам салғанды ұнатпайды. Кез келген талаптың орны болуы керек.  Талаптарыңызды айта берудің орнына, сыпайы жіне сабырлы түрде отырып сөйлесіңіздер. Әрине, отбасында ер адам көп байбалам салатын жағдайлар да болады. Біздің барлық кеңестеріміз тек әйелдер қауымына ғана емес, жарымен қалай тіл табысуды білмей жүрген азаматтарға да арналатыны анық. Сүйікті жарыңыздың талабына жауап беріңіз және оның пікірін сыйлауға тырысыңыз.

 Барлығын барынша сабырмен шешіңіз, әйтпесе кикілжің одан әрі күшейе түседі. Ал ,ашу жиналып, миыңыз сізге бағынбай кетсе, бір-біріңізді түсінуден қаласыздар. Ғұламалардың айтуы бойынша : «ашу – дұшпан, ақыл –дос». Қарым-қатынасты үнемі бар күшпен қолдау керек.

 Сонымен, төртінші әрі соңғысы – сөйлесу тәртібі. Қандай да бір т.сініспеушілік болған жағдайда, бірден айтып, шешкен дұрыс. Олар өздігінен шешіліп және ұмытылып кетеді деп ішіңізге сақтаудың қажеті жоқ! Айтыңыз! Адамға сөйлеу қабілеті сол үшін де берілген, өкінішке орай, адамдардың ойын оқи алмаймыз. Сабырлы түрде сөйлеңіз. Және де бұл ереже керек уақытты және жерді таңдауға көмектеседі. Өзіңізді қызықтырған сұрақтарды көпшіліктің алдында еш уақытта қоймаңыз.

 

Міне, осы өз отбасыңызды сақтауға арналған ең негізгі қағидалар. Сүйіңіз және сүйікті болыңыз!

Дереккөз: reactor.inform.kz

0
түсініктер
Әркім білуі тиіс шынайы махаббат туралы шындық
Қарау
Әйелінің өңі мен күйеуінің мінезі
Қарау
Жігіттердің бұл ойы дұрыс емес
Қоғамда біраз стереотипті ой қалыптасқан. Солардың біріне жігіттердің «қыздар біздің қалтамызға қарамауы керек» деген ойы жатады.  Ер адам өз жарына қамқор болуы керек. Егер бұған қарсы келсеңіз, сізге әйел затымен бірге тұру не үшін керек? Ол сізге еш себепсіз ғашық бола ала ма?  Ері әйелінің тұрмысы, керек-жарағы үші
Қарау
Махаббаттағы күйзеліс деген не?
Қарау
Жұбайлардың жас айырмашылығындағы артықшылықтар мен кемшіліктер
Қарау
Некені қалай сақтауға болады? Әйелдерге кеңес
Қарау
Ұрыс-керіс кезінде мына нәрселерді айтуға болмайды 
Қарау