Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу керек?

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

 

Еріңіздің кейде үйіңізге көңіл-күйі жоқ болып келгенін байқаған боларсыз. Мұндай жағдайда «Не болды?», «Ренжулісің ғой, тыныштық па?», «Тағы не болып қалды?» деп жүйкені одан әрі жүйкелетер сұрақтарды қоя бермеңіз. Ол бәрібір ашып айтпайды. Еркектің болмашыға көңілі пәсеймейді. Оған тыныштық керек. Сол үшін қашанда жатын бөлмесі жинақы әрі салулы тұрсын. Жақсылап тынығып алғаннан кейін әйелге айтар нәрсесі болса, өзі-ақ мұңымен бөліседі. Ал бұл жайында жақ ашпаса, қайта-қайта қозғап, жарасын тырнап, ашуын қоздырмаңыз.

 

• Жұмыстан келген жұбайыңыздың қабағы қатулы екенін байқадыңыз ба, дереу дастархан жайып, алдына ас алып келіңіз. Аш адам ашуланшақ келеді. Кейбір еркектердің ашы аспен тарайтындығын ұмытпаңыз.

• Көңілсіз күйеуіңіздің көңіл-күйін қызықты жайттарға аудара біліңіз. Немесе бүгінгі күніңіздің қалай өткенін, балаларыңыздың тәтті қылықтарын айтып беріңіз. Ол үшін жанұясы-жанға жайлы демалыс болсын.

• Онсыз да ойы онға, санасы санға бөлініп отырған оған отбасындағы жетіспеушіліктерді айтып,еңсесін басқан жүкті ауырлатпаңыз. «Алтынайдың күйеуі машина мініп алыпты. Майраға күйеуі туған күніне қымбат алқа тарту етіпті...» деген сөздерді айта көрмеңіз.

• Жылы сөзіңіз де оның өмірге деген құштарлығын арттыратындығы есіңізде болсын. Кейде әйел адамның өзі де қатты сөздерімен немесе ақымақтықпен істеген ісімен еркекті ренжітіп алып жатса, дереу жылы жымиып, тәтті сөздерді төге салғанға не жетсін. Сонда ғана отбасында сыйластық болады. Ең дұрысы, қандай жағдайда да, әйелдің әрдайым жылы сөзі дайын тұрғаны абзал. Оның жақсы қасиеттерін сөз қылып, сақтап та қоюды естен шығармаңыз. Отбасындағы өткен көңілді, бақытты сәттерді еске түсіріп, күйеуіңізді алда болар қуаныштармен серпілтіңіз.

• Оны қатты сүйетініңізді, өте құрмет тұтатыныңызды, бағалайтыныңызды жиі-жиі айтып отырыңыз. Сүйіспеншілік те күйзелісті қуады.

• Күйеуіңізді көңілсіздік жайлағанда кішігірім ерекше сыйластық жасаңыз. Кешкі асты кафе, ресторанда ішкен де оның көңілін көтеруі мүмкін.

• Мұңға батқан күйеуіңізді жалғыз тастап кетпеңіз. Мүмкін, ол жақын араласатын досымен әңгімелескенді ұнататын шығар, досын үйге шақыруыңызға болады.

• Әйелдің жақсы массажист болғаны да дұрыс. Еркек шаршап келгенде, көңілсіздікке берілгенде әйелінің оған массаж жасағаны, аялы алақанымен сипағаны барлық күйзелісті, уайымды ұмыттырады. Міне, әйел күйеуіне қолдаушы, басына іс түскенде кеңесер ақылшы, қонақтар келгенде күтуші,мазасы болмағанда медбике, шаршағанда жақсы саяжай және көңілін аулаушы бола білсе ғой. Осылай ер адам жұмыстан көңілсіз оралғанда, әйел деген «қырық жанын» ортаға сала білсе, олар да қызметінде не болмаса жора-жолдастарымен бірнәрсеге келісе алмай қалса, көңіл-күйі болмаса сыраханаға немесе тағы басқа да жақтарға бармай, үйіне қайтқанша асығып тұратын болады.

 

0
түсініктер
Ата-ана ажырасқанын балаға қалай түсіндірсе болады?
Қарау
Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу керек?
Қарау
Отбасы бюджеті кімнің қолында болуы керек?
 Шаңырақ көтеріп, отбасын құрғаннан кейін бәрінің де ортақ болатынын ұмытпаңыз. Сіз енді бұрынғыдай жалғыз емессіз. Демек, тапқан ақшаңызды бұрынғыдай өз білгеніңізше оңды-солды жұмсау енді жоқ.    Үй болып, болашаққа бірге ұмтылған соң «сенікі, менікі» деген жоқ. Десе де, «Отбасы бюджеті кімнің қолында болуы
Қарау
Бақытты отбасы болудың құпиясы
Қарау
«Ол менсіз өмір сүре алмайды. Оған онсыз да қиын»
Қарау
Әр әйел білуі керек кеңестер
Қарау
Шаңырақ шаттығы
Қарау