Әрбір ата-ана білуге тиіс қағидалар

 Бала ата-анадан не күтеді? Неге мұқтаж? Әрбір ата-ана осы тұрғыда нені есінде сақтауы қажет, олар білуге тиіс қағидалар қандай екенін білігіңіз келсе, психолог Күлмаш Елшібаеваның ұсынған кеңесіне назар салыңыз.

 Әр отбасындағы ата-ананын балаға берер жылулығы орасан зор. Жас кезінен жылулық алып өскен бала өсе келе мейірімді, тіл алғыш, жақсының не екендігін, жаманның не екендігін айыра білетін азамат болып өседі. Әр отбасының бала тәрбиесіне байланысты өз ережесі, өз заңдылықтары бар. Ал әр ата-ананың балаға берер жылулығының сан алуан амалдар, тәсілдері жеткілікті. Енді солардың ортасынан ойып алып қарастыратын болсақ, күніне он бес, жиырма минут баланы құшақтап, жылы сөздер айтып, маңдайынан сипап, бүгін мектепте нендей жаңалықтар болғанын сұрап, қандай сабақтан қиыналып жүр екен, сол күйзелісімен бөлісіп, баласымен сырласса - соның өзі-ақ жеткілікті. Бала өзінің ата анасына қаншалықты ыстық екендігін, оны сүйетіндігін сезіне, ата-анасына деген сүйіспеншілігі де арта түсетін болады. Ата-ана жүрегінен шыққан жылы сөздерін баладан аямауы керек, өйткені, ол өзінің баласы ғой, оған сізден басқа кім емірене айтады дейсіз сондай жылы сөздерді?! Міне сондықтан, баланың үлкен азамат болып қалыптасуы, отбасындағы ата-ана мейірімділігіне көп байланысты болып келеді. Әрине, оның барлығы шектен тыс тым қатты еркелет деген сөз емес, балаға деген сүйіспеншілік жүрек түбінен шыққаны жөн.

 Күнде айтылатын қарапайым жылы сөздер - ол әр ата-ананың өз фантазиясына байланысты. Мысалы, кішкентай сәбилер болатын болса - қозым, ақ ботам, құлыншағым, ботақаным, т.б., өскелең жеткіншектерге - қарағым, арысым, жаным, т.б., ол енді әркім өзі қалай айтқысы келеді, алайда, күнде осындай жылы сөздерді айтып отырған жөн.

 

0
түсініктер
Дарынды балалар
Қарау
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?
Қарау
Баланың бақытты болуына кім жауапты?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады.                                                     Қанапияева Б.Н    Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр
Қарау
Әрбір ата-ана білуге тиіс қағидалар
Қарау
Пайдалы әрі арзан 10 ойыншық
Қарау
Балаңызды емшектен шығаруға асықпаңыз
Қарау
Бала тәрбиесіндегі ескеретін жағдаяттары
Қарау