Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 

Балаңызыдың сізге деген көңілі толып, мейірімді болып өсуіне ықпал жасағыңыз келсе, перзентіңізді шексіз бақытқа бөлейтін он әрекетті білгеніңіз жөн.


Ендеше психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер: 

1. Балаңызды ұйқыдан оятпастан бұрын, құлағына сыбырлап, мен сені жақсы көремін деп айтыңыз. Сіздің мейірімді жүрегіңізді сезсін; 

2. Маңдайынан сүйіп тұруды әдетке айналдырыңыз. Балаңыз маңдайыңызға біткен жарық жұлдызыңыз болсын десеңіз; 

3. Алақанынан ұстап, менің жан жүрегім деп айтыңыз. Сіздің керек екеніңізді сезе білсін; 

4. Құшағыңызға қысып, қалағаныңызша мейіріммен құшақтаңыз. Сіздей жанның жалғыз екенін сезе жүрсін; 

5. Тосын ашық хаттар жазып, жатын бөлмесіне қойып қойыңыз. Сіздің хатыңыз дүниедегі ең әсерлі хат екенін біле жүрсін; 

6. Жүзінен күлкі көргіңіз келсе, жақсы ойлар ойлап жақсы сөз айтыңыз; 

7. Жұмыста отырып балаңызды қатты сағынсаңыз, тек оның жақсы қылықтарын еске алып, үйге барғанда жақсы көңіл-күймен келіңіз. Сіздің әдемі күлкіңіз - олардың жан жүрегінің тыныштығы. Сіз көңілсіз болсаңыз, балаңыз да тура сондай күй кешеді; 

8. Тәтті ұйқыға кетер алдында ертегі айтыңыз; 

9. Жүрегінің дүрсілін қолыңызбен ұстап көріңіз де, ішіңізден жан жүрегім деп айтыңыз; 

10. Мейіріммен жұбатып, жанына демеу болыңыз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Ана сүті
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Ең алдымен балалардың неге ұйықтамайтынын анықтайық: 1. Қолайлы уақыт өтіп кеткен  Баланың ұйықтайтын дер уақыты өтіп кеткен және оның екінші тынысы ашылған. Баланың ұйқысы келмейтіндей көрінеді, бірақ шын мәнінде бала тыныштала алмай отыр деген сөз. Кешке қарай баланың ойындары да баяу болуы керек. 2. Қызықты істер тым көп  Кон
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау
Балаңыз көркем сөйлеп, шешен болсын десеңіз...
Қарау
Баланы өз бөлмесінің тазалығын сақтауға үйретудің жолдары
Қарау
Балаға мультфильм көрсету ережелері
Қарау