Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу

 Жүсіпбек Аймауытов бабамыз бір сөзінде: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу керек» деген екен. Кейде өз баламыздың қабілетін, болмысын, мінез-құлқын ескермей, шамасынан тыс «тапсырмалар» жүктейміз, айтқанымызды істетуге тырысамыз. Бұл әрекетіміз сәтсіз болып, әке мен баланың арасында түсінбеушілік пайда болады. Осы ретте бала тәрбиесіне қатысты бірнеше факторларды ескере кеткіміз келеді. 


Біріншіден, балаға сөзбен емес, іспен үлгі болу. Оның көзінше күнәлі іске бой алдырмай, барынша теріс қылықтарды жасаудан бас тартқан абзал. Өйткені, бізден кеткен қателікті сәби «дұрыс дүние» екен деген пікірде қалады. 

Екіншіден, жұмсақтық. Бала ата-анасынан жылулық сезінбейінше, оларға деген мейірім-махаббаты оянбайды. Оны бетінен қайтару немесе қателігін бетіне басу – орынсыз. Өз қателігін өзі түсініп, мойындатуға тырысуымыз тиіс. Сонда ол саналы түрде шалыс басқан қадамын ендігәрі қайталамауға тырысады. 

Үшіншіден, кейде қаталдық та қажет. Ол өзінің әдепсіз әрекеті үшін әкесінің ашуланатынын білуі керек. Жұмсақтық жақсы. Бірақ ол баланы босаңсытып жібермеуі қажет. Сол үшін даналықпен қаталдық жасаған да жақсы. 

Төртіншіден, онымен үлкен адамдарша пікірлесу, сөйлесу. Көп жағдайда оны сөйлетуге, пікірін ашық айтуға дағдыландырғанымыз абзал. Өз пікірін білдіре алмай өскен бала үлкейгенде де ынжықтық танытады. Бұған да мән бергеніміз жөн. 

Бесінші, жүйелі түрде жасалған тәрбие. Балаға аптасына бір уақытты арнау – оның тәрбесін жүйелі қадағалауға мүмкіндік береді. Бала болған соң, бұзықтық жасайды, босаңсиды, теледидардан көргенін қайталағысы келеді. Сондықтан оған ұдайы көңіл бөлген дұрыс. 

Алтыншы, оның қолымен қайырлы істерді жасау. Мысалы, көшеде кетіп бара жатырмыз делік. Жол бойында қайыр сұраған қарияға, мүгедекке балаңыздың қолымен нан, ақша, т.б. беру. Сонда бала өскенде мұндай қайырлы істер оның бойында қалыптасып, өмірінде көрініс табады. 

Жетінші, сыйлық беру. Сыйлық – кез келген жүректі жібітеді. Сыйлық беру арқылы жаттаған «тақпақты» немесе берген тапсырманы талап етіңіз. Өйткені, сыйлық алған адам берушіге «берешек» боп қалады. Беру арқылы, өз «билігіңізді» жүргізесіз. 

Сегізінші,  балаларды алаламау, бәріне бірдей қарау, бірдей көңіл бөлу қажет. Бірін екіншісінен артық жақсы көру – үлкен қателік. Бұл жарға жығады.

 

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Ана сүті
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Ең алдымен балалардың неге ұйықтамайтынын анықтайық: 1. Қолайлы уақыт өтіп кеткен  Баланың ұйықтайтын дер уақыты өтіп кеткен және оның екінші тынысы ашылған. Баланың ұйқысы келмейтіндей көрінеді, бірақ шын мәнінде бала тыныштала алмай отыр деген сөз. Кешке қарай баланың ойындары да баяу болуы керек. 2. Қызықты істер тым көп  Кон
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау
Балаңыз көркем сөйлеп, шешен болсын десеңіз...
Қарау
Баланы өз бөлмесінің тазалығын сақтауға үйретудің жолдары
Қарау
Балаға мультфильм көрсету ережелері
Қарау