Балаға нені үйрету керек? 

 Бала мектептен емес, мектепке дейін білімнен хабары болуы керек. Санау, жазу, бояу, ойлау, құрастыру секілді жеңіл істерді мектепке дейін біліп барғаны жақсы. Ол үшін баланы арнайы курстарға жаздырудың қажеті жоқ. Бұл істерді кішкентай балаға сабақ деп емес, ойын ретінде ұсынған тиімді. Өйткені, әлі тақта көрмеген бала ойыннан ажырай алмайды. Сол үшін сабақты баланың тілінде – ойын тілінде үйреткен дұрыс. Олай болса, сіздерге мынадай кеңес ұсынамыз. 


Есте сақтау қабілетімізді арттырамыз 
 Кез келген лото не жануарлардың суреті бар қағазды алыңыз. Оларды баланың алдына жайып қойыңыз. Барлық жануарға зер салып қарап алған соң, балаға артқа қарауын сұраңыз. Сіз сол уақыт арасында кез келген жануарды алып, тығып қойыңыз. Бала қай жануардың үстел үстінде жоғалып кеткенін тауып көрсін. 

Түстерді танып үйренеміз 
 Параққа кез келген заттың суретін салыңыз. Мысалы жеміс-жидектің суретін салдыңыз делік. Оның тек жарты бөлігін ғана бояп қойыңыз. Ал қалған бөлігін бала бояп шығады. 

Басқаша ойланамыз 
 Ол үшін бізге таза парақ, бояу мен саусағымыз керек. Бала саусағын бояуға батырып, таза параққа саусақ ізін қалдырады. Саусақпен түрлі өрнектер салуға болатынын айтып отырыңыз. Алақанын да бояуға батырып, параққа алақан ізін қалдырса да болады. Содан соң, сол іздерді өрмекші, аққу, бауырсақ, смайлик секілді қызықты суреттерге айналдыра алады. 

Ырғаққа бағынамыз 
 Көңілді әуен қосып қойыңыз. Бала сол әуеннің ырғағымен билесін. Басты ереже мынадай: сіз ырғаққа сәйкес қолыңызды шапалақтап отырасыз, ал бала сол шапалақтың баяу-тездігіне байланысты қадам басып отырады. Егер сіз жай шапалақтайтын болсаңыз, ол үлкен адым жасауы керек. Ал жиі шапалақтап  кетсеңіз, бала аз адым жасайды. Бұл ырғақты сезінуге көмектеседі. 

Назар және қабылдау 
 Балаға түрлі суреттер немесе фотолар көрсетіңіз. Суретте хош иісті заттар көрінсе немесе тамақ бейнеленгенін көрсе, бала терең тыныстауы керек. Ал егер жағымсыз иіске ие заттар бейнеленсе, бала алақанымен мұрнын жабуы керек. Қатты заттар бейнеленсе, жұдырығын қатты қысуы керек. Ал жұмсақ зат бейнеленсе, үлпілдек мақта ұстап тұрғандай болсын.

 

Дерекөз: Ана бақыты

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Ана сүті
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Ең алдымен балалардың неге ұйықтамайтынын анықтайық: 1. Қолайлы уақыт өтіп кеткен  Баланың ұйықтайтын дер уақыты өтіп кеткен және оның екінші тынысы ашылған. Баланың ұйқысы келмейтіндей көрінеді, бірақ шын мәнінде бала тыныштала алмай отыр деген сөз. Кешке қарай баланың ойындары да баяу болуы керек. 2. Қызықты істер тым көп  Кон
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау
Балаңыз көркем сөйлеп, шешен болсын десеңіз...
Қарау
Баланы өз бөлмесінің тазалығын сақтауға үйретудің жолдары
Қарау
Балаға мультфильм көрсету ережелері
Қарау