Баланың басты ұстазы — ата-ана

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-анасы. Тәрбиенің қайнар көзі отбасынан басталады. Сондықтан баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата-анасының тәрбиесі негізгі рөл атқарады.


Ата-ананың жауапкершілігі

 «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, яғни бала әкеден ақыл, анадан мейір алары анық. Ал ата- анаға баладан қымбат ешкім жоқ. Баланың тәрбиелі немесе шектен тыс дөрекі болуы ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты.

 Бала ең алдымен, өз ошақ басына қарап өседі. Сол себепті отбасы мүшелерінің барлық қылықтары, іс-әрекеттері балаға алғашқы кезде бұлжымас заң тәрізді көрінеді. Міне, сондықтан да әрбір ата-ана баласының көсегесі көгерсін десе, өздері тек жақсы жағынан көрінуі тиіс.

 Қазіргі кездегі көп жанұялардың әлсіреп, оның мүшелерін, әсіресе балаларды ауыр соққыға итермелейтін нәрсе ата-аналарының бала алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы, өзара түсініспеушілігі, бір-біріне үлкен ықыласпен және қамқорлықпен қарай алмайтындығында дер едім.

 Бала әкесіз немесе анасыз жетімдік көрмесін деген ата-ана отбасылық қателіктер жібермей, болған күнде балалардың болашағын ойлап, кешірімшіл болып, отбасында ерлі-зайыптылар арасында да, сонымен қатар ата-аналар мен балалар арасында да сабырлы да салмақты қарым-қатынас болу керек.

Мейіріммен берілген тәрбие

 Ашуды ақылға жеңдіріп, сабыр сақтай білуге тым ерте сәбилік шақтан бастап даярлау керек екенін әрбір ата-ана бір минут естен шығармағаны абзал .

 Бұған қоса баланың бойында қайырымдылық, жауапкершілік қасиеттерді де тәрбиелеу өте маңызды. Ол үшін ата-ана бала тәрбиесінде барлық жағдайда әділетті, қайырымды болуы тиіс, бірінші кезекте мейірбандыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөлгені жөн.

 Балаға деген мейірімділік сезімінсіз тәрбие нәтижелі бола алмайды, өйткені оған жүрек жылуы арқылы ғана жол табамыз. Бірақ жақсы көрудің жолы осы екен деп теріс қылығы мен оң ісіне бірдей қарап , баланы елпектете беру керек деген ой тумаса қажет.

 Баламен қарым-қатынаста жалпы отбасында, барынша әділ болып, бірін-бірі шын құрметтейтін қарым-қатынас туғызу керек. Осындай сыйласымдылықты, мейірбандықты көріп өскен баладан жаман қылықтар туындауы мүмкін емес.

 Жас өскіннің бой алып кетуі үшін оның топырағы ылғалды және құнарлы болуы керек. Сол сияқты ата мен ананың әлдиіне тәрбиеленіп, жанұяның жақсы жарасымдылығын көріп өскен бала кейін өскенде отбасы ынтымағын сақтайтын жақсы адам болып қалыптасады.

 М.Әуезов: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен, көпшілікті адамдылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу» дейді.

 Кей ата-аналар балаға деген сүйіспеншілікті тек оны жақсы киіндіру, тамақтандыру деп қана түсінеді де жеткілікті мейірімнің жоқтығынан азап шегетінін білмейді. Жасыратыны жоқ, кей жағдайда ата-аналар баласын өмірден тыс қалдырып, жеке бастың қамын күйттейді. Олай дейтініміз, кейбір ауқатты адамдар машина алып, мал жинап баласын дандайсытып жібереді. Әрине, ондай балалар бір жақты болып өсіп қалыптасады. Ата-ана баласын өмірге құштар еткісі келсе, оның неге икемі бар, соған мән бергені жөн. Сөйтіп, оның қоршаған ортаға өзіндік көзқарасын туғызып, жақсы мен жаманды ажырата білуге баулығаны абзал. Бұл ұрпағының көкжиекті келешегін ойлаған әрбір ата-ананың бұлжытпай орындайтын төл міндеті десек қателеспеймін.

Еңбекпен тәрбиелеу

 Мәселен, тұрмыстағы жұмыстарға араластыру оның ісін орынды мақтап, әділ баға беріп, ұқсата алмағанына ұрыспай, жаймен түсіндіріп отыру еңбекке деген қажеттілікті сезінуін қамтамасыз етеді. Жасыратыны жоқ көбіне бұл талап іске аспай жатады. Баланы еңбекке араластырудың орнына әзірге мәзір етіп, бәрін дайындап қоюға тырысамыз. Тағы бір елеулі кемшілік, үй ішіндегі әркім өз ісімен айналысып, бір-бірінде онша шаруасы болмай, баланың өз бетінше әрекет етуіне жол ашып береді, басты қателік осы. Кейбіреулер басына «Тек сен тентектік жасамасаң болғаны, қалғаны өз мойнымызда» деп теріс тәрбие береді. Үйде ата-анаға көмек көрсету, қамқорлық жасау, айналасындағыларға қамқорлықпен қарау, еңбекке тікелей қатысу баланың жеке басын дамытады. Баланы кез-келген еңбектену ниетіндегі бастамасын үнемі қолдап отырған жөн. Мәселен, бала қандай ықылас жасаса да оны баспау керек, дербестік – баланың шығармашылық қасиетінің бастауы болып табылады.

 Кейбір ата-аналар баланың балабақшадағы сабағына мән бермейді, өйткені олар балаларының қосымша сабақтарға, үйірмелерге, спорт ойындарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстыруға жете көңіл бөлмегені.

 А.С Макаренко ата-аналарға лекциясында: «Сіз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріп алыңыз» деген болатын. Ата-ана баланы барлық жағынан адамдардың мәдениетінің жеткіліксіздігінен зардап шегеміз. Мәдениетті жанұяда бір-біріне дауыс көтеру, айқай, орынсыз жанжал жоқтың қасы. Ата-ана балаға арнайы уақыт бөліп жатпаса да әр бір сөйлеген сөзімен, іс-әрекетімен де әсер етіп, тәрбие үздіксіз жүріп жатады. Сондықтан ересектер қасында қырағы да сезімтал бала барын, оған да жаман да әдеті тез жұғатынын бір минутта естен шығармаған жөн. Балаларымызға дұрыс тәрбие беріп, еліміздің болашағына атсалысайық.

«Бала нені білсе жастан, ұядан,

Өле өлгенше соны таныр қиядан»,-

дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие, білім алуына өз көмегімізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық, ағайын!

 

Дереккөз: vk.com

Сурет: интернеттен

0
түсініктер
Үш жастағы балада болатын дағдарыс
Қарау
Мейірімді бала тәрбиелеудің 11 жолы
Қарау
Баланың агрессиясы
Тістелеу, ұрып-соғу, төбелес 2 мен 4 жас аралығындағы көптеген балалардың өзінің ішіндегі күйін білдіретін бір-бірімен қарым-қатынас формасы болып табылады. «Мен ашуланып тұрмын», «Мен мынаны қалаймын». Өзінің өтініші мен тілегін басқаша жеткізе білмейтін олар жұдырық пен кішкентай тістерінің көмегіне жүгінеді
Қарау
Екінші бала
Қарау
Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 
Қарау
Балаларды дауыс көтеріп тәрбиелеу денсаулыққа зиян 
Қарау
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу
Қарау