Ата-ана: Сіз бе, әлде сен бе?

 Қазіргі кезде психолог мамандар өмірдің барлық саласына араласып кеткендей. Оладың ең белсенділері бала тәрбиесінде жүр. Бесіктегі баладан бастап тұрмыс құратын жасқа қалай тәрбиелеу керек деген кеңес дайындады. Солардың бірі - ата-анаға «сен» деп сөйлеу.


 Психологтардың пайымдауынша бала ата-анасына сіз демей, сен деп сөйлеуі керек. Кез келген тіл мәдениетінде сіз деп бөтен адамға, танымайтын немесе шала таныс адамдарға, аса құрметті немесе үлкен адамдарға айтатын.
 Сол себептен сіз деп сөйлеу адамдардың арасын алшақтатып, бір біріне деген сенімін азайтады. Ал ондай субординация ата-ана мен бала арасында болмауы керек. Психологтардың зерттеу барысында бала ондай кезде бейсаналы түрде ата-анасын бөтен адам ретінде қабылдайды. Яғни, басына іс түскен кезде немесе бір ой мазалап жүргенде, іштегі сырын ата-анасына айта алмайды. Ата-анасының қасында өзін бос ұстай алмайды. Өсе келе, тұйық мінезді, адамдармен жақындаса алмайтын ересек адам болуы мүмкін.

 Әсіресе, сіз деп сөйлеген қыздарға қауіпті дейді. Нәзік жандар анасына жақын болғаны дұрыс қой. Анасын жат адам ретінде қабылдаса, дұрыс отанасы атануы екіталай екен.

 Енді психологтарды былай қойып, тәжірибиге көз жүгіртейік. Қай ұлтты алсақ та, ешбіреуінде қатып қалған ереже жоқ. Сіз немесе сен деп сөйлеу тек отбасындағы тәрбиеге байланысты. Өз әке-шешесіне сен деп сөйлеген адамдар балаларын да солай тәрбиелейді. Сіз деп өскен адамдар, балаларына да СІЗ деп айтқызады. Бұл жерде сіз деп айту баланы алшақтату мақсатында емес, ата-ананы құрметтеу, қастерлеу мақсатында. Әке-шешесіне сіз деп өскен бала олармен ұрсысуға, сөз таластыруға бармайды. Былайша айтқанда, жат адам емес, авторитет ретінде дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Үлкен адамдарға құрбың ретінде қарамауға үйретеді. Себебі, құрбыңмен он жерден жақсы аралассаң да, оны қонағыңдай сыйласаң да, әкең мен анаңның орны бөлек. Бұқар жырау айтпақшы, "сыйлағаны не керек, сізді қойып, сен десе".
 

Дереккөз: Өмір жайлы бірер сөз

1
түсініктер
Гүлмира Ертайқызы
0
Толықтай келісемін, бізде сен деп сөйлейміз, тек есейгенде, кәзір, сен деген ыңғайсыздау, әдет болса да, ватсапта сіз деп жазамын
Жауап беру 17.04.2019 в 12:29
Мейірімді бала тәрбиелеудің 11 жолы
Қарау
Баланың агрессиясы
Қарау
Екінші бала
Балаға жүктілігіңіз жөнінде хабарлаудың ешқандай нақты қатаң ережелері жоқ. Екі бірдей бала болмайтындықтан, өз ойыңызға сенім арта отырып, шешімді өзіңіз қабылдайсыз! Өз балаңызды басқаларға қарағанда жақсы білетіндіктен осы жаңалықты айту жөніндегі шешімді қабылдағанда өз түйсіктеріңізге арқа сүйеңіз.  Уақыт бөлу  Жаңалықты достар
Қарау
Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 
Қарау
Балаларды дауыс көтеріп тәрбиелеу денсаулыққа зиян 
Қарау
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу
Қарау
Анасы қызына мына кеңестерді айтуы керек 
Қарау