Сәбидің әр айдағы даму кезеңдері

Қимыл-қозғалысы мен психикасының дамуы :



1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады; 
 

2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді; 
 

3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды; 
 

4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақаныменжер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды; 
 

5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады; 
 

6 айлығында демеп ұстамай-ақ өзі құйрығын басады, немесе тік тұрып, аяғын басуға талпынады; 
 

7 айлығында еңбектейді, өздігінен отырады, тізерлеп тұрады, қолынан ұстап демесе, аттап қадам басады, ойыншықтарын бір қолынан екінші қолына алмастыра алады; 
 

8 айлығында өздігінен отырады, басын өзі көтере алады, бір нәрседен ұстап жүруге талпынады; 
 

9 ай толғанда қаз тұрады және қолынан жетектесе қаз-қаз басады; 
 

10 айлығында өздігінен отырып тұрады, үстелді айналып жүреді, бір қолынан ұстаса, алғашқы қадам жасауға талпынады; 
 

11-12 айлығында бір қолынан ұстағанда жақсы жүреді, демеп ұстамай-ақ өздігінен жүруге талпыныс жасайды, сүйеусіз-ақ отырады, жерде жатқан затты тізерлемей жерден көтеріп алады.

0
түсініктер
Үш жастағы балада болатын дағдарыс
Қарау
Мейірімді бала тәрбиелеудің 11 жолы
Қарау
Баланың агрессиясы
Тістелеу, ұрып-соғу, төбелес 2 мен 4 жас аралығындағы көптеген балалардың өзінің ішіндегі күйін білдіретін бір-бірімен қарым-қатынас формасы болып табылады. «Мен ашуланып тұрмын», «Мен мынаны қалаймын». Өзінің өтініші мен тілегін басқаша жеткізе білмейтін олар жұдырық пен кішкентай тістерінің көмегіне жүгінеді
Қарау
Екінші бала
Қарау
Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 
Қарау
Балаларды дауыс көтеріп тәрбиелеу денсаулыққа зиян 
Қарау
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу
Қарау