Өзіне сенімсіз бала

Жасқаншақтық – сенімнің кемшілігі.  «Жасқаншақтық баланың жан-жақтылы өсіп-жетілуіне тиімсіз факторлардың бірі» дейді ғылыми тұжырымдар.



Жеті жасқа дейінгі балаларда көп кездесетін қорқудың бірнеше түрі:

- Бөтен ортадан қорқу (адам жатырқау);
- Алаңдау;
- Бөтен заттардан қорқу;
- Жалғыз қалудан қорқу;
- Ата-анасының немесе өзгенің ұрып-ұрсуынан қорқу;

Себептері:

1. Ата-ананың орынсыз әлпеші. Тым әлпештеп өсірген бала өзін өте әлжуаз санайды екен. Оған біреу келіп көмектеспесе немесе істеп бермесе өздігінен бір нәрсені “дұрыс істей алам” деп ойламайды. Сондықтан өз киімін киюден де жасқанады екен.

2. Жалғыз қалудан запы болып алаңдау. Бұлар анасы көзінен таса болса жылап қоя беретін балалар. Мұндай күй көбінесе анасы ондаған сағат жұмыста немесе сағаттап, күндеп сыртта болатын, тіпті ата-әжесінің қолына ұзақ уақытқа апарып тастаған балаларда болады. Ата-әжесіне немесе басқа адамдарға әбден бауыр баспаса бұл да жасқаншақтыққа апаратын бір жол екен.

3. Теледидар «сыйлаған» құбыжықтар. Бұлар әсіресе түнде мазасыз болады. Ұйқысы ұйқы болмайды. Үлкен адамдар теледидар немесе кинодан көрген көріністерді миынан тез шығарып тастай алады. Ал, бала миында оның орынын алмастыратын өзге көріністер көп болмағандықтан сол көріністер көз алдынан оңай өшпейді екен.

4. Әдейі қорқытудан шыққан ілектер. Баласы тіл алмаса «аю келе жатыр», «өкіл салдырамыз», «ана кісі құлағыңды кеседі» деген секілді сөздер баланы уайымға салады екен. Ал, сол сөз баланың бір мезеттік тыныш отыруына немесе кәмпит жемеуіне байанысты айтылғанымен оның баланың әр әрекетіне кесірін тигізіп отырады.

5. Іштегі кездегі ана көңіліндегі үрей, алаң. Отбасындағы түрлі келеңсіз жағдайлар немесе ана көңіліне әсер еткен жалпы оқиғаны қамтиды. Екіқабат әйел барынша көңілі болуға тырысатыны сондықтан.

Не істеу керек?

 Баланы қайсар, сенімді етіп тәрбиелеу үшін оларды жасқаншақтықтан арылту қажет. Қорықса тәрбиелі болады деп шошыта беруге болуға мүлде болмайды. Мұндай амалдың бір мезеттік өнімі болғанымен өмір бойы зардабын көрсетпек.

 Бала анда-санда сүрініп қалса жазғырып, балағаттамау керек. Қажетті жерінде ағаттығы көрініп тұрса да үнсіз қалған жөн. Ал, айтылып жатқан жағдайда қарапайым сөздермен түсіндіру, шабыттандыру, баланың сенім желкенін қайта жаюына себеп сөздер айтылуы дұрыс. Алдымен жетістігін айта отырып кемшілігін көрстеу тиімді.

 Баланың өзінен озық бір баланы көргенде «оған жетпеймін» деп сезінуі де әлжуаздық. Өзіне сенімі тым аздық. Осындай кезде ата-ананың шабыттандыруы өте маңызды. Өзгенің баласын мақтай беріп, өз балаңды онан сайын жасытуға болмайды.

 Баланы отбасынан, мектептен тыс адамдармен сөйлесуге, қарым-қатынас құруға, бақша, кітапхана, кешкі серуен дегендей әлеуметтік орталарға көп ертіп бару да маңызды. Бұл амал оның кейін бөтен ортаға тез үйлесіп кетуіне тиімді.

 Балаға «ез», «қорқақ», «ынжық», «масыл», «сорлы» деген секілді сөздерді айтпаған абзал. Әсіресе, көптің алдында.
 
 Қорқақ баладан қорқақ адам шығады. “Қорыққан бұрын жұдырықтайды” деп қоғамда көп қылмысты қорқақ адамдар жасайды екен. Өйткені, көлеңкесінен қорқатын баланың табысқа жетуі қиынның қиыны. Ол дәлелденген шындық. Ата-ана баласын өмірдің қилы қиндықтарына бетпе-бет келгенде батылдықпен шешім жасайтын ержүрек болуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.

 

Дереккөз: namys.kz

0
түсініктер
Үш жастағы балада болатын дағдарыс
Қарау
Мейірімді бала тәрбиелеудің 11 жолы
Қарау
Баланың агрессиясы
Тістелеу, ұрып-соғу, төбелес 2 мен 4 жас аралығындағы көптеген балалардың өзінің ішіндегі күйін білдіретін бір-бірімен қарым-қатынас формасы болып табылады. «Мен ашуланып тұрмын», «Мен мынаны қалаймын». Өзінің өтініші мен тілегін басқаша жеткізе білмейтін олар жұдырық пен кішкентай тістерінің көмегіне жүгінеді
Қарау
Екінші бала
Қарау
Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 
Қарау
Балаларды дауыс көтеріп тәрбиелеу денсаулыққа зиян 
Қарау
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу
Қарау