Адамның дұрыс қалыптасуы балалық шағынан

"Сөз – тәрбие негізі" демекші бала сөзбен тәрбие алады. Себебі баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Барлық ата-ана баласына мақтауды да, даттауды да сөзімен білдіреді. Бала психологиясы жағымсыз, жаман әсерлерден тез жараланғыш келеді. Кейде балаға айтылған балағат сөздер немесе ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынын байқамай жатамыз. Ал мұның соңы бала тәрбиесінің бұзылуына әкелетінін білесіз бе? Керісінше бала ержеткен соң бойынан дөрекілік байқала қалса, қоршаған ортаға кінә артып, бала тәрбиесінде абайсызда жіберген қате-кемшіліктерімізді еске алмаймыз да. Назарларыңызға бала болмысының бұзылуына себепкер 10 жайтты ұсынамыз.



1. Сөгу. Хайуандарға теңей отырып баланы сөгу. Мәселен, ит, есек, өгіз, ей, хайуан деп.

2. Қорлау. Теріс сипаттармен тілдеу. Мәселен, кәззап, семіз, ақсақ, харамы, бейшара. Мұндай сөздер бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салады.

3. Теңеу. Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижеде өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мысалы, «Өзіңдей көршінің баласына қарашы...» деген сияқты теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.

4. Шартпен жақсы көру. «Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін», «Мынаны жесең, сені жақсы көремін», «Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сені жақсы көремін». Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді. Өсе келе, бала өз ошағынан, отбасынан жырақтап қалады. Сондықтан бала шынайылықты жақсы көреді. Өйткені бала ата-анасын ешбір шартсыз сүйеді.

5. Жалған ақпарат. Баланы өтірік ақпараттыр арқылы қорқытып немесе алдау, қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады. «Жыласаң, милиция алып кетеді» деп қорқытып өсірген бала ұғымында милиция бейнесі жағымсыз болып қалыптасып қалуы әбден мүмкін. «Ер азамат жыламайды», «Мына бала мені жынды етті», «Менің бұған шамам келмейді», «Біреуге беріп жіберемін», «Бабай келеді немесе милиция ағай алып кетеді» т.с.с. сөздерді айтуға болмайды.

6. Көңілін қалдыру. Баланың меселін қайтарып, көңілін қалдыру – оның бойына сенімсіздік ұялатумен қатар, талпынысты жояды. «Сен дымды да түсінбейсің», «Үніңді өшір», «Сенен түк пайда жоқ», т.с.с.

7. Қорқыту. Мәселен, «Басыңды жарамын», «Қаныңды ішемін», «Сені соямын» т.с.с. сөздер баланың өз ойын еркін жеткізе алмауға әкеледі.

8. Өтінішіне немқұрайлы қарау. Үнемі баланың сұрағанына «Жоқ, жоқ, жоқ» деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру дұрыс емес. Сізден бір өтініш сұраса, қолдан келгенше орындап беріңіз.

9. Қарғау. «Сені Құдай алсын», «Өлгенің жақсы еді», т.с.с.

10. Масқаралау. Баланың намысына тиетін сөздер айтпаған ләзім. Мұның соңы баланың сотқар болып өсуіне әкеледі.

 Зерттеу бойынша осы секілді сөздерді бала жасөспірім шаққа дейін ата-анасынан 16 мың рет естиді екен. Ойлап қарасақ, сегіз жасқа жетпеген баланың сөздік қорында 5 мыңға жуық жаман сөздер болады. Түптеп келгенде мұның әсері суық қарудан да асып түсуі мүмкін. Сол себепті оның орнына баланы махаббатпен жігерлендіріп, мақтай отырып құрметке баулиық. Өйткені жақсы сөз сыйлықтан артық.

 

Дереккөз:lviewer.com

0
түсініктер
Ағасы мен інісі
Қарау
Жүктілік кезінде ескеретін дүниелер
Қарау
Сәбидің үйдегі алғашқы күндері
Өмірге жаңа келген нәрестені үйі асыға күтеді. Оған барлығы әзірленген. Анасына гүл шоғын ұсыну да ескерілген. Жас әкені шыдамсыздық сезімі билеген. Тазалық және мейірім. Сәбиді өз үйі қалай қарсы алуы тиіс? Жас нәрестеге лайықты мейрім деген ұғым нені білдіреді?  Ол мейірлене сырттай қарау, оны сүю, сонымен бірге үнемі қолға көте
Қарау
Баланы дұрыс мақтай білу
Қарау
Балаға нені үйрету керек? 
Қарау
Сәбидің алғашқы алты айдағы ұйқысы, ұйқысыздық мәселесі 
Қарау
Баланың басты ұстазы — ата-ана
Қарау