Бала емізіп жүрген ана тамақтануының негізгі ережелері

1. Бала емізіп жүрген ананың тамақтануы калориялды болуы тиіс.

 Лактация кезінде әйел тек өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сәбиінің денсаулығы үшін де жауапты болатындығы барлығына мәлім. Бұл жауапкершілік баланы тамақтандырумен байланысты, яғни ана сүтімен. Ана сүтінің мөлшері мен сапасы көптеген факторларға байланысты, әсіресен негізгі фактор ол ананың тамақтануы. Бала емізіп жүрген ана тағамының калориялығы күнделікті тағамнан 500-700 ккал жоғары болуы тиіс. Сондықтан, бала емізу кезеңінде диеталар ұстау кеңес етілмейді. Неге бала емізіп жүрген ананың тамақтануы қоректі болуы тиіс? Себебі анасы тек өзінің ағзасын ғана қоректік заттармен қорландырмайды, сонымен қатар баласының ағзасына қажетті пайдалы заттарды береді. Міне, осыған байланыстыбала емізіп жүрген ананың тағамы калориялды болуы тиіс.

2. Бала емізіп жүрген ананың тамақтану режимі.

 Анасы күніне бірнеше рет аз-аздан тамақтануы тиіс. Артық жеудің қажеті жоқ. Баланы емізер алдында бірдене жеп алған дұрыс. Бұл анасы үшін де жақсы әсер етеді, себебі бұл ретте анасы асықпай, бала ұйықтап жатқанда жақсы тамақтанады. Әсіресе бұл ұсыныс жарты жыл толмаған балалары бар әйелдер үшін өте пайдалы.



3. Бала емізетін ананың тамақтануы түрлі болуы тиіс.

  Егер анасының тамақтануында тағамның бір түрі болмаса ол өзінің және бала ағзасының авитаминозына алып келуі мүмкін. Сондықтан бала емізіп жүрген ананың тамақтануы біркелкі болмауы тиіс. Сондай-ақ бала сүттен бас тартуы мүмкін, осыдан келіп жасанды қоспаларға көшу керек болады, ал ол асқазан-ішек ауруларына алып келуі мүмкін. Бала емізіп жүрген ананың тамақтануы баланың өмірінде үлкен рөлі бар. Ананың ең басты ұстанымы тамақтану үлесіне біртіндеп пайдалы әрі бала қиын үйренетін тағам түрлерін енгізу. Бұл әсіресе 3-4 айдан кішкентай балалары бар аналарға қатысты.

4. Бала емізіп жүрген ананың тамақтануындағы сұйықтықтың орны.

Бала емізіп жүрген ананың дұрыс тамақтануы туралы айтқанда, сұйықтықтың алатын орны туралы айтпай өту қателік. Босану кезінде әйел өте көп сұйықтық жоғалтады. Сондай-ақ, пайдаланылатын сұйықтыққа сүттің мөлшері тікелей байланысты. Адам күніне ең аз дегенде тәулігіне 1-1,5 литр пайдалануы тиіс, ал жазғы уақытта одан да көп. Ал бала емізіп жүрген әйел екі есе көп ішуі тиіс.

 

Дереккөз: everything.kz

0
түсініктер
Бала неге өтірік айтады?
Қарау
Кітап баланың жетілуінде аса маңызды рөл атқарады
Қарау
Балам ақылды болсын десеңіз
Баласының ақылды боп өскенін қаламайтын ата-ана жоқ шығар. Сәбиім бала-бақшада тәрбиелі, мектепте өзге балалардан алғыр болса, университетті үздік бітірсе, жұмысқа оңай орналасса деген армандар кей ананың жүрегіне нәрестесін дүниеге әкелген сәттен ұялап жатады. Осыған байланысты ата-ана назарына бірнеше кеңестерімізді ұсынамыз.  Америкалы
Қарау
Жүктілік кезінде күйзеліске ұшырамау әдістері
Қарау
Жетістікке жеткіңіз келсе, мына нәрселерді біліңіз  
Қарау
Ата-ана: Сіз бе, әлде сен бе?
Қарау
Болашақ ананың тамақтануы
Қарау