Баланың бақытты болуына кім жауапты?

Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады.

                                                    Қанапияева Б.Н

 

 Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін.

 Сіз балаңызды мейіріммен тәрбиелегіңіз келсе психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер:

  • Баланы жақсы көру,  мейірімділікке тәрбиелейді.
  • Балаңыздың  айтар сөзіне мән беріңіз.
  • Баланы кішкене күнінен бастап, жақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.
  • Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.
  • Балаңызды мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз.
  • Отбасының шаттыққа бөленуі, отанасына байланысты ал ер азаматы қорғанышы ғана.
  • Жылулықты да сездіретін әйел адам, бақытты отбасын шат-шадыман шаттыққа бөлейтін анасы, мен баласы.Ал сол отбасының шаттыққа бөленуі анасы мен әкесінің қолында.
  • Баланың бақытты болуы, анасы мен әкесіне байланысты. Сонда ғана бала да бақытты болады.
  • Ана неғұрлым өз баласын, сезіммен шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе бала өскенде мейірімді болып өседі.
  • Әкесімен анасының мейіріміне қанығып өскен бала, болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналары сөзссіз.
  • Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп, қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бала болған   үйде шаттық та, қуаныш та болады. Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да, қызықтырмай қоймайды.

 Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға жәрдемдесері сөзсіз. Сондай-ақ, өз баласын түсінбей жүрген ата-аналар да бар. Кінәні баладан іздегенше, өзіңіздің қандай ана екеніңізді ойланыңыз.Бала сіздің іс-әректіңізді қайталаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз.

 Баланың бақытты болуы анасы мен әкесіне байланысты!

 

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

 

1
түсініктер
Роза Рымбаева
2
Ия
Жауап беру 02.10.2017 в 22:28
Баланың жылауына түрткі болатын 6 себеп
Қарау
Бала жасындағыны ұмытпайды
Қарау
Сәбиге неше айдан бастап массаж жасау керек?
Сәби ағзасы дұрыс өсіп-жетілуі үшін массаждың алатын орны ерекше. Мамандар сәбилерге 2-3 айлығынан бастап массаж жасауға кеңес береді. Дереккөз: massaget.kz   1,5-3 айлық балаға шартсыз рефлекске негізделген жаттығу жасау қажет. Сәбиге гимнастика жасағанда қозғалысының дұрыстығына назар аударған жөн. Оларға қолданылатын массаждың не
Қарау
Адам қуатты табиғаттан алады
Қарау
Неліктен жас босанған ананы қырық күн күткен?
Қарау
Сіз елемейтін, бірақ балаңызға қажет 7 этикет ережесі
Қарау
Баланы таңертең қалай ояту керек?
Қарау