Жақсы ана болыңыз

Әрбір балатоғыз ай  анасының құрсағында және өмір бойы жүрегінде.

 

 Қыз баласы құтты орнын аттап, құрсағына  бала біткен күннен бастап, өзін ана болуға тәрбиелеуі керек. Неге? Өйткені баланы іште жатқан уақытынан бастап тәрбиелеп, көркем мінезділікке баулысаңыз және оның  нәтижесіне қол жеткізсеңіз, сізден асқан бақытты ана жоқ.

 Жақсы ана болу үшін, балаңызға уақыт жұмсап, жақсы көңіл бөлсеңіз, бала тәрбиесіндегі биік шыңдарды бағындырар едіңіз.

 

 Жақсы ана болуға арналған кеңеске құлақ түріңіз:

  • Балаға керегі - сіздің көңіл бөлгеніңіз, ақшамен көңілін табамын деп ойламаңыз.
  • Балаңыз уақытын тиімді пайдаланып жүр ме? Қадағалаңыз.
  • Баланы қуантатын нәрсе - анасының көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны.
  • Ашу үстінде тұрғанда, балаңызға айғайлап ұрсушы болмаңыз, балаңыз бірбеткей жасық болып өседі.
  • Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі деп, бекер жырға қоспаса керек. Қазақтың бас ақыны Абай  өлеңмен өрнектегендей, перзент сүю - ата-ананың жан қалауы. Әр ана өз баласының бақыты болғанын қалайды.

  • Біз баламызға қаншалықты қуаныш сыйлаудамыз.
  • Балаңыз сізге қарап бой түзейді, қызыңыз болса сізге ұқсағысы келеді, ұлы әкесіне қарап тәрбие алады. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз.
  • Бар кінәні баладан көрместен бұрын, сіз өзіңізге мен қандай анамын деп сұрақ қойыңыз? Жауабын өзіңіз табасыз.
  • Жақсы ана болу - балаңызға деген құрметіңіз, балаңыздың сізге деген құрметі.
  • Балаңыздың сүйікті асын дайындауды әдетке айналдырыңыз.
  • Ер-азаматыңызға да көңіл бөліңіз, балаға көп көңіл бөліп ер-азаматыңызды ұмытып кетпеңіз. Ол да - сіздің жүрегіңіздің жартысы, махаббатыңыз.
  • Жақсы ана болу - отбасының тыныштығы мен берекесі,үйдің шам шырағы.
  • Жақсы ана болуға жетелейтін - сіздің балаңызға деген мейірімді жүрегіңіз.
  • Қазақтың әрбір әйел заты өз баласын, қазақы дәстүрмен, мықты мәдениетімен тәрбиелесе, балаңыздан көп үміт күтуге болады.
  • Жақсы ана болу өз қолыңызда!

 

 

 

Дайындаған: ҚР "Қазақ психологиялық қоғамы" бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

 

0
түсініктер
Ағасы мен інісі
Қарау
Жүктілік кезінде ескеретін дүниелер
Қарау
Сәбидің үйдегі алғашқы күндері
Өмірге жаңа келген нәрестені үйі асыға күтеді. Оған барлығы әзірленген. Анасына гүл шоғын ұсыну да ескерілген. Жас әкені шыдамсыздық сезімі билеген. Тазалық және мейірім. Сәбиді өз үйі қалай қарсы алуы тиіс? Жас нәрестеге лайықты мейрім деген ұғым нені білдіреді?  Ол мейірлене сырттай қарау, оны сүю, сонымен бірге үнемі қолға көте
Қарау
Баланы дұрыс мақтай білу
Қарау
Балаға нені үйрету керек? 
Қарау
Сәбидің алғашқы алты айдағы ұйқысы, ұйқысыздық мәселесі 
Қарау
Баланың басты ұстазы — ата-ана
Қарау