Балаларды жас шамасына қарай ақша ұстауға үйрету

Қытай ғалымдарының бала тәрбиесіндегі зерттеуіне қарағанда балаларға 3 жастан бастап ақша таным тәрбиесін жүргізу үйлесімді көрінеді. Мұнда бастысы әрқайсы жас салыстырмасы бойынша тәрбиелеу жоспарын ұтымды жасай білуіміз керек екен.


3 жастағы баланы түрлі-түсті ақшаларды айырып тани білуге жетелеу. Мұнда ақша құнын, қағаз ақша, теңге ақшаны түрі бойынша жеке-жеке түсіндіру, қолына ұстатып сездіру тиіс.

4 жастағы балаға әдеттегі қарапайым заттарды. Мысалы: қарындаш, ойыншық, азық-түлік сияқтыларды ақшамен сатып алуды үйрету. (Әрине бұл кезде ата-анасы баласымен бірге болуы керек. Бір жағы баланың үйренуіне екінші жағынан саудагерлердің жас баланы алдап кетуінен сақтану үшін)

5 жастағы балаға ақша еңбектің бодауы арқылы келетінін әрі ақшаға зат айырбастаудың дұрыс жолын үйрету.

6 жастағы балаға ақша беріп санату, қағаз, құмыра сияқты ұсақ-түйек заттарды сатып ақша табуды үйрету. “Өзім еңбектеніп тапқан ақша” деген ынталануды қалыптастыру.

7 жастағы балаға заттардағы жапсырылған бағаны көріп түсінуге әрі қолындағы ақшамен салыстырып, өзінің сол затты сатып ала-алмайтынын ұқтыру.

8 жастағы балаға қолындағы ақшасын жұмсау жоспарын жасай алатын, дүкеншімен баға таластырып, саудаласатын деңгейге жеткізу.

9 жастағы балаға ұсақ ақшаны үнемдеп жұмсауды, тек өзіне қажетті заттарды сатып алу дағдысын үйрету.

10 жастағы балаға сауда жарнамаларын бағамдай алатын, бағасы арзан, сапалы бұйымдарды таңдай алатын әрі бағасы тиімді, арзан затты таңдау ұғымын қалыптастыру.

12 жас және 12 жастан жоғары балаларды ересектер арасында сауда-саттық, делдалдық қимылдарына дербес араласатын дәрежеге жетуге жетелеу.

 

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Мектепке барар алдында балаға айтылуы тиіс бес нәрсе
Қарау
Ана сүті
 Ананың сүті – жаңа туған нәрестені бірден – бір қоректендіретін және кез келген жұқпалы аурулардан қорғайды.Оның құрамында болатын қоректік заттардың пропорциясы толықтай қалыптасып үлгермеген сәби ағзасының қалыпты деңгейде өсуі және қорғалуы үшін дәлме – дәл мөлшерленген. Ана сүті, әсіресе,жаңа туған сәбидің ми жасушаларын
Қарау
Әркім білуі тиіс шынайы махаббат туралы шындық
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Қарау
Балаға смартфонды неше жаста әперу қажет?
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау