Мен қазақтың қызымын.

 Мен қазақтың қызымын. Енді қазір қыздарды жамандайтын бір мақала шықса аттандап тұрып, жерден алып - жерге салып жамандап шығамыз -ау. Осыған қарап отырып ойланып қаламын. Қазақты жүзге бөліп, руды - руға, аймақты - аймаққа, бөліп басымызды біріктірмей жүргендер, енді қазақтың ұл - қызын бір- біріне айдап салып отырғандай. Қазақ қызын жаманатты көрсету арқылы, жігіттеріміздің өз ұлтының ары мен болашағы қыздарына деген құрметін азайтуда. Бұл қазір қауіпті дертке айналуда. Жігіттердің санасыда "жақсы қыз " жоқ деген ұғым қалыптасуда. Қызды пайдаланып кету, алдап кету, зорлап кету белең алуда. Қыздардың кінəсі жоқ деп ақтамаймын. Қыздар төбелесіп жатса қиқулап суретке түсіріп тұрған да ҚАЗАҚ жігіттері. Қыздардікі масқаралық болса, жігіттердікі бұл жерде сорлылық. Ажыратып, жақсысын асырып, жаманын жасырудың орнына баршаға паш етеді. Осылай жасарда ойланған дұрыс ау. Сенің қарындасыңды да, бүлдіршін қызыңды да сендей біреудің зорлап не соның масқарасын өзің құсап баршаға паш етпесіне сенімдісің бе? Өз қолымызды өзіміз кесе алмаймыз. Қоқыста ішіп, шегіп аунап жатқан жігіт, көшелерде тəнін сатқан қыз осы жаман қылықтарымен қазақ болмай қалмайды ғой. Жаман ат түгел Қазаққа келеді. Қалтаңа ақша түссе қыздарға бір түнге барып келіп, жақсы қыз қалмады деп айтуың жараспас. Жаманшылықты тоқтатуды өзіңнен баста. Əпке - қарындасыңнан баста. Əкесі - би, əкесі - басшы, əкесі - Еркек, əкесі - асыраушы үйден жаман баланың не қыздың шығуы сирек. Жақсы қыз алғың келсе, сол қызға лайық болғын. Иманды , жігіттің байлығына қарамайтын қыз керек дейсіңдер. Бірақ таныса сала оқисың ба, жұмыс істейсің ба?- деп неге сұрақтың астына аласыздар? Ау сіздерге жақсы жар керек па, жоқ ертең асыраушы керек па? Кейбір жігіттеріміздің өздерінің намаз оқитындарын бұлдайтынын да көріп жүрміз. Мен намаз оқитын, иманды жігітпін,- деп шалқайып шығады. Жігітім -ау, ол саған мақтан емес парыз- ғой. Көп жерден оқимын тау халқында бұзылған қыз жоқ деп. Олардың ата - бабасы тарихта, ҚАЗАҚтан мықты болған жоқ. Жігіттері қазақтың жігіттерінен мықты емес. Бірақ олар өздерін уақытында қолға алды. Көшеде кетіп бара жатқан сол ұлттың қызына тисіп көрші, кез келген таулық жігіт келіп араша түседі. Танымаса да менің əпкем, менің қарындасым деп қорғап шығады. Кез келген өз ұлтының жігіті солай қадағалап тұрғасын қыздары да аяғын тартады. Қазір қырғыз көршілеріміздің де осындай қадамға барып жатқанын естіп те, көріп те жүрміз. Ал енді өзіміздің " көптеген" жігіттерімізге қарап қарның ашады - ғой. Əкенің өз отбасындағы беделі жоғары болса, ол үйдегі қыз баласында ер азаматқа деген құрмет болады. Ол үшін əрбір азамат үйдің асыраушысы болуы керек. Қыздар не үшін шет ел асып кетіп жатыр. Əрине жақсы өмір үшін. Бірақ одан барлығы бақытты болып кетіп жатқаны шамалы. Көбісінің санасы, тəрбиесі сондай. Ұлтжанды отбасыдан шыққан қыз басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шықпас еді. Əкесі мен ағасынан асып кетпес еді. Жігіттер жақсы қыз -Жақсы жігітке лайықты! !! Əрбір ҚАЗАҚ қызы, менің əпкем - қарындасым деп сыйлай білейікші. Артық кеткен жерім болса кешірім сұраймын. 
 

 

 

Сәлеммен ҚАЗАҚ қызы.

 

Дереккөзі: Бөрілі Байрақ парақшасынан.
Авторға сілтеме: facebook.com

 

 

 

0
түсініктер
Ана және спорт
Қарау
Аnabol.kz сайты 2 жылдығына орай бәйге жариялайды!!!
Қарау
Фотоконкурс «Менің алданышым»!
«Менің алданышым» фотоконкурсының қорытындысы шықты. Суреттерін салып, ізденіс танытқан, белсенді болған барлық ата-анаға алғыс білдіреміз. Салтанат Қалиеваның жетекшілігімен қазылық еткен редакция мүшелеріне Абитова Ария, Әділбаев Эльдар, Зейнеп Мақсатқызы, Қалилулла Әділ, Сұлтан Медина, Таубай Алдияр, Ұлықпан Айым сияқты қатысушыларым
Қарау
«Ең үздік жаңа жылдық костюм»
Қарау
«Ғашықтар хикаясы»
Қарау
Құрметті anabol.kz сайтының оқырмандары !!! ФОТОКОНКУРС !!!
Қарау
Фотоконкурс
Қарау