Балақайларға арналған

 

Балақайларға арналған "АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ" фотобайқауы өз мәресіне жетіп,жеңімпаз анықталды. "АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!" фотобайқауының жеңімпазы. Ол - Шымкент қаласының кішкентай тұрғыны - Алпамыс Әлібек.

 Ал еліміздің түкпір-түкпірінен байқауға қатысып, атсалысқан ата-аналарға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да белсенділік танытып, www.anabol.kz сайтындағы жаңалықтардан хабардар бола жүріңіздер! Әлі талай байқаулар жарияланады. Сондай-ақ сайтымызда Сіздерге қажетті ақыл-кеңестер мен мағыналы-мазмұнды мақалалар жарық көрмек.

 

 

 

 

Жанар ИСАЕВА, фотобайқау жеңімпазы Алпамыстың анасы:

 

ҰЛДАРЫМЫЗДЫҢ НАҒЫЗ АЗАМАТ БОЛЫП ӨСКЕНІН ҚАЛАЙМЫЗ

Алпамыс – 2009 жылы шаңырақ көтерген жас отбасының екінші баласы. Ағасы Төлеби төрт жаста. Әкесі Қазбек энергетик, ал анасы Жанар телекоммуникация саласында қызмет атқарады. Отбасы жайында сұрағанымызда «Отбасымыз үлкен емес, әзірше 2 ұлымыз бар» деп бастаған Жанардың сөзінен алдағы уақытта көпбалалы ана атанғысы келетіні байқалып тұр.

 

  • Алпамыстың есімін кім қойды?
  • Бұл бір қызық оқиға болды. Үлкен ұлымыздың есімін Ұлы жүздің биі Төле би секілді әкесінің аты – Әлібек, руы – дулат деп ырымдап, Төлеби деп атасы қойған. Тұңғышымыздың кішкентай кезінде үлкендер «балаға ұлы тұлғаның есімі ауыр болады» дегенді жиі айтқан соң, біреу-міреу атын сұраса, жолдасым «Алпамыс» деп қоятын. Ал кейін екінші балаға жүкті болғанымда Қазбек «Алпамыс енді дүниеге келеді» деп әзілдеп жүрді. Мен де ішімдегі сәбидің ұл не қыз екенін білмей тұрып, «Алпамысым» деп еркелетуші едім. Шынымен де, ай-күнім толғанда дүниеге атына заты сай ұл бала келді. Бір қызығы, тек төбесінде бір өрім шашы болатын. Ырымдап төбесіндегі шашын қалдырдық. Осылайша айдарлы баламыз, айбарлы жігіт болып өссін деп атын Алпамыс қойдық.
  • Ұлдарыңыз мінездері қандай?
  • Екеуінің мінезі екі түрлі. Төлеби байсалды, жасына қарамастан ақыл айтуға құштар, әдемілікті жақсы көреді. Ал Алпамыс болса, өте шымыр, батыл болып өсіп келеді. Тілі әлі анық шықпаса да, қалай болса да өз ойын жеткізіп, айтқанын істетеді. Атқа  құмар, ауылға барған сайын аттан түспейді. Атқа мінгенде нағыз шабандоз сияқты отырады. Бірі – нағыз би, екіншісі – нағыз батыр дейміз.
  • Бала тәрбиесімен кім айналысады?
  • Басқа басқа, ал бала тәрбиесіне қатты назар аударамыз. Даналарымыздың айтқан «5 жасқа дейін балаңды патшадай күт» деген ұстанымы бойынша тәрбиелеп келеміз. Барынша еркелетеміз, қолымыздан келгенінше қалаған ойыншақтарын алып беріп, саябақ пен циркке жиі апарамыз. Ой-өрісін арттыру мақсатында қолымыз қалт етсе, сурет саламыз. Ал ұйықтар алдында міндетті түрде ертегі айтамыз. Cүйікі ертегілеріміз – «Бауырсақ», «Мақта қыз» және «Алпамыс батыр» ертегісі. Сондай-ақ қазіргі заманғы кейіпкерлер жайлы ертегілерді ойдан құрастырамыз. Немерелеріне тәрбие беруде аталары мен апалары да өз үлесін қосуда. Әр бала бақытты болу үшін жаралған. Мен аналық махаббатымды балаларымнан аямауға тырысамын. Ал от ағасы ұлдарымыздың нағыз жігіт болып өсуіне үлесін қосып келеді.  
  • Қандай армандарыңыз бар?
  • Алға қойған мақсаттарымыз, армандарымыз көп. Ең басты арманымыз – ұл өсіріп отырған соң, ұлдарымыздың нағыз азамат болып өскенін қалаймыз. Ұлдарымыз – атасының емес, халқы арқа сүйер, елінің баласы болып өсетіндеріне кәміл сенеміз.

 

 
0
түсініктер
Ана және спорт
Қарау
Аnabol.kz сайты 2 жылдығына орай бәйге жариялайды!!!
Қарау
Фотоконкурс «Менің алданышым»!
«Менің алданышым» фотоконкурсының қорытындысы шықты. Суреттерін салып, ізденіс танытқан, белсенді болған барлық ата-анаға алғыс білдіреміз. Салтанат Қалиеваның жетекшілігімен қазылық еткен редакция мүшелеріне Абитова Ария, Әділбаев Эльдар, Зейнеп Мақсатқызы, Қалилулла Әділ, Сұлтан Медина, Таубай Алдияр, Ұлықпан Айым сияқты қатысушыларым
Қарау
«Ең үздік жаңа жылдық костюм»
Қарау
«Ғашықтар хикаясы»
Қарау
Құрметті anabol.kz сайтының оқырмандары !!! ФОТОКОНКУРС !!!
Қарау
Фотоконкурс
Қарау