Фотоконкурс «Менің алданышым»!

«Менің алданышым» фотоконкурсының қорытындысы шықты. Суреттерін салып, ізденіс танытқан, белсенді болған барлық ата-анаға алғыс білдіреміз. Салтанат Қалиеваның жетекшілігімен қазылық еткен редакция мүшелеріне Абитова Ария, Әділбаев Эльдар, Зейнеп Мақсатқызы, Қалилулла Әділ, Сұлтан Медина, Таубай Алдияр, Ұлықпан Айым сияқты қатысушыларымыздың фотосуреттері ерекше ұнады. Суреттен жануарға деген балалық пейілдері сезіліп тұр. Сондай-ақ түсіруші адам да бала мен жануар арасындағы психологиялық байланысты ұтымды жағынан көрсетуге тырысқан. Сол жағы да ескерілді. Бәйгеден оза шауып, бәрінен ерекше көзге түскен жеңімпазымыз бар, әрине. Ол – Алматы қаласының кішкентай тұрғыны Оразхан Зере Дарханқызы. Зере төрт түліктен қозыны ерекше жақсы көреді екен. Өзінің көркем ойлау шығармашылығын фотосуретке түсу арқылы жетілдіріп жүрген сіңлімізге жетістік тілей отырып, фотоальбом тарту еттік. Құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

0
түсініктер
Аnabol.kz сайты 2 жылдығына орай бәйге жариялайды!!!
Қарау
Фотоконкурс «Менің алданышым»!
Қарау
«Ең үздік жаңа жылдық костюм»
Құрметті оқырмандар! «Ең үздік жаңа жылдық костюм» атты фотоконкурс өз мәресіне жетті. Сайыстың жеңімпазымен таныс болыңыздар - Амоника  (8 жаста). Сайысқа қатысқан барша балапандарға алғыс айтамыз.   Жеңімпаз - Амоника  (8 жаста)     Адабия  5 жаста  
Қарау
«Ғашықтар хикаясы»
Қарау
Құрметті anabol.kz сайтының оқырмандары !!! ФОТОКОНКУРС !!!
Қарау
Фотоконкурс
Қарау
Мен қазақтың қызымын.
Қарау