«Ғашықтар хикаясы»


«Ғашықтар хикаясы» фотоконкурсының жеңімпазы анықталды. Anabol.kz сайтының ұжымы Айдана Сүлейменнің хикаясын қызықты деп, осы жұпты таңдап алды. Мына whatsapp нөміріне 87071060208 немесе anabol.kz.tv@gmail.com поштасына  қосымша фото-видеоларыңызды (жастық шақ, үйлену тойы, жанұяңыздың) жіберулеріңізді сұраймыз. Сол материалдардан сіздерге арнап "Love story" бейнеролигін сыйға тартамыз. Бақытты болыңыздар, жұптарыңыз жазылмасын! 

 Менің есімім Сүлеймен Айдана. Ал онда мен өз хикаямды бастайын. Мен осы Астанадан Таразға пойызбен 01.04.2015 күні жолға шықтым. Сол сапарда Тахмина əпке Ақниет жəне Əлинұр атты кішкентай екі баласымен шығыпты. Мен оның бір баласын жаныма алып жаттым, Таразға жеткенше балаларын ойнаттым. Əлгі əпкеге мен қатты ұнап калыппын. Ол менің нөмірімді қоймай сұрап алап қалды. Менің 1995 жылғы бауырым бар, жай сөйлесіп көріңдер, ұнамаса дос боласыңдар деп айтты. Ең қызығы Тахмина əпкені шығарып салған күйеуі де өзінің інісіне мені атастырмақшы болып, əйеліне "мына қыздың нөмірін алып қал" - деп қалжыңдаған. Оның да 1995 жылғы Айдар атты інісі бар екен. Дегенмен менің нөмірімді Тахмина əпке өз бауырына беріпті. Сонымен ауылда 1 ай болдым. Бір күні əлгі жігіт хабарласты. Жай таныстық. 2-3 рет телефон шалды. Ол: "Астанаға келсең хабарлас, күтіп алайын. Əпкем сені өте мақтады. Сені келін қылып алып кел, басқа қыз керек емес" - деді. Мен Астанаға келген күні телефонмен хабарластым. 01.05.2015 "Меga" сауда орталығында кездестік. Мен ол кезде қатты ұялып, ешқандай əңгіме айтпадым. Бір колледжде оқиды екенбіз. Киноға барып, Есіл жағалауында біраз қыдырдық. Жолда барлық адамдар бізге қарады, өйткені оның түрі қазаққа ұқсамайтын еді. Сосын кафеге бардық. Одан шыққан соң саябақта біраз қыдырдық. Ол маған: "Сен маған бір көргеннен ұнап қалдың. Əпкем айтқандай көрікті, сұлу екенсің" деп сол жерде маған сөз салды. Мен де қарсы болмадым. Былай қарасам жап-жақсы жігіт сияқты. Солай бірге қыз бен жігіт болып жүрдік. 24.06.2015 күні екеуіміз қатты ренжісіп қалдық. Кешкісін маған телефоннан кешірім сұрады. Далаға шықшы деп жалынды. Мен аулаға шықтым. Сол жерде біраз отырдық. Енді үйге кірейін деп жатқанымда, ол мені көтеріп алып, машинаға салды да, əлгі Айдар деген жездесінің машинасымен жəне досы Бекболатпен мені алып қашты. Мен басында қарсы болғаныммен, кейін əлгі жігіт мені шын сүйетінін, менен айрылғысы келмейтінін айтып жылады. Мен де оған аз уақыт ішінде бауыр басып қалған едім. Ертесіне қуғыншылар келіп, мені алып кетеміз деп айқайды салды. Бір ұрысқақ əпкеміз келген болатын. Мен Түлкібас деген жердің тумасымын."

 

 





0
түсініктер
Ана және спорт
Қарау
Аnabol.kz сайты 2 жылдығына орай бәйге жариялайды!!!
Қарау
Фотоконкурс «Менің алданышым»!
«Менің алданышым» фотоконкурсының қорытындысы шықты. Суреттерін салып, ізденіс танытқан, белсенді болған барлық ата-анаға алғыс білдіреміз. Салтанат Қалиеваның жетекшілігімен қазылық еткен редакция мүшелеріне Абитова Ария, Әділбаев Эльдар, Зейнеп Мақсатқызы, Қалилулла Әділ, Сұлтан Медина, Таубай Алдияр, Ұлықпан Айым сияқты қатысушыларым
Қарау
«Ең үздік жаңа жылдық костюм»
Қарау
«Ғашықтар хикаясы»
Қарау
Құрметті anabol.kz сайтының оқырмандары !!! ФОТОКОНКУРС !!!
Қарау
Фотоконкурс
Қарау