Еріннің жиі жарылуы және емі

Ерін неге жиі жарылады?
Еріннің жарылуының ондаған себептері бар, сол себептерді қарастырып көрейік.


  • Су тапшылығы — күніне адам 2 литірден көп су ішу керек. Бұл шартты бұзсаң еріннің жарылғаны жарылған))
  • Ыстық күн, аяз немесе қатты жел. 
  • Ыстық тағамды асыра қолдану — Айтпасақ та түсінікті.
  • Тағамда витаминдердің жетіспеуі — бірінші мезетте А, Е, D. Егер еріннің бұрыштары ойылған немесе қанталаған болса — бұл сенің организіміңде витамин С немесе В жетіспейді.
  • Еріннің жарылуы — витаминнің жетіспеушілігінен ғана емес, организіміңізде витамин А мөлшерінен көп болуы да мүмкін.
  • Бірдеңеге аллергияңыз болуы да мүмкін, симптомның басты себебі, адаптикалық дерматит та болуы мүмкін. (Дерматологияға тексеріліп қойғанның зияны жоқ)
  • Ерніңді жалау немесе тістеу адеттері де қатты әсер етеді, егер осы әдеттеріңіз болса тезірек доғарғаныңыз жөн, бұл дерматологиялық ауруға немесе витамин С жетіспеушілігіне алып келеді.
  • Немесе сіз қолданып жүрген крем және т.б препараттадың кері әсері болуы мүмкін. (Біраз уақыт қолданудан бас тартыңыз, осы қолданыстағы затыңыздан ба әлде жоқ па білетін боласыз).
  • Немесе грибок та болуы мүмкін.


Емі:
Ерін күтімі туралы ақыл кеңес алыңыз: жүмсартатын крем, мазь.

  • Тағам мәзірін реттеңіз, зиянды тағамдардан бас тартыңыз, азанда аш қарынға льнян майын ішіңіз.
  • Ерініңді жалайтын әдетіңізді тастаңыз, егер бұл әдет болса! Суды көбірек ішіңіз, әсіресе жазда.
  • Поливитамин қабылдаңыз. Әсіресе қысқы уақытта жақсы әсер етеді.
  • Күнге немесе ызғарлы аязда шығарда, — ерінге арналған бальзам жағып шығыңыз. Бальзамды себепсіз де қолдана беруге болады — профилактика үшін.
  • Егер ас мәзіріне немесе климаттық әсерден емес екеніне көзіңіз анық жетсе, ерінге арналған маска жағыңыз.


Егер осы ережелерді сақтасаңыз, сіздің ерніңіз, жұмсақ және де тартымды болады. Егер осы айтылған кеңестер көмектеспесе, дерматологқа қаралыңыз, дерматолог сіздің ерніңіздің жарылу себебін нақты айтып емін тауып береді.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Жиі ауыратын балаларды сауықтыру амалдары
Қарау
Еріннің жиі жарылуы және емі
Қарау
Таңғы асқа балаларға беруге болмайтын тағамдар
Құрғақ тағамдар Қант қосылған жүгерінің қауызы мен шоколад түйіршектерін балалар жақсы көреді. Дегенмен құрамында қанты өте көп болғандықтан (363 ккал 100 г) таңғы асқа балаларға берудің қажеті жоқ. Орнына: көкөніс қосылған омлет Цитрусты фреш Жеміс қышқылы асқазан шырышындағы тұз қышықылын еселеп шығаратындығына байланысты күнделікті
Қарау
Аллергиядан зардап шегетіндер үйді қалай жинағаны дұрыс?
Қарау
Ғалымдар 3 жасқа толмаған баламен алыста демалуды құптамайды
Қарау
Газды сусындар 
Қарау
Еріндегі ұшықты қалай емдейді?
Қарау