Гигиеналық дағдылар

 Гигиеналық дағдылар тазалыққа деген әдеттен қалыптасады. Ваннаға күн сайын түсіріп тұру, жуындырып-шайындыру баланы суға тез үйретеді де, ол суды рахаттана шолпылдататын болады.

 Құйрығын басып отыра бастаған 6—7 айлық баланы шомылдырғанда, қолына суға батпайтын ойыншықтар ұстатып қою керек. Сонымен бірге оның төсек-орнының жаймасын жиі-жиі алмастырыл тұруға, киім мен жаяльіқтың тазалығына үйрету қажет; бал аның жаялығы таза, құрғақ болуын қадағалаған жөн. Сәби өздігінен отыра алатын жағдайға жеткенде барып, горшокқа үйретеді. 8 айға әлі толмаған баланы горшокқа отыруға үйретудің қажеті жоқ; бір жасқа дейінгі балалардың көпшілігі горшокқа дәретке отыра алмайтыңдықтарын өмірдің өзі дәлелдеп берді. Бала ұйқыдан тұрғаннан кейін немесе тамақтандырғаннан кейін 15—20 минут өткен соң барып, горшокқа отырғызады. Горшокқа ұзақ отырғызып қоюға болмайды, өйткені ол сәбидің физиологиялық реакциясының дұрыс жетілуін тежейді. Ең дұрысы — баланы горшоктан алып, біраз уақыт өткен соң қайта отырғызу керек. Сәби, әсіресе кіші дәретке немесе үлкен дәретке отырып қойғаннан кейін тағы да горшокқа ұзақ отырғызып қоюға болмайды. Сәбиді ұйқысынан оятып дәретке отырғызу зиянды. Баланың жүріп-тұруға көмектесудің маңызы зор. Массаж бен гимнастика жүріп-тұру қозғалысын игерудің маңызды факторы болып табылады. Бірақ ойда болатын бір жағдай — баланы уақыты жетпей жатып, әрнені үйренуге зорлауға болмайды. Әдетте сәби етпетінен жатуды ұнатады, өйткені ол осылай жатып, жай-жағын жақсы бақыл ай алады. Баланы етпетінен жатқызғанда, астына қатты төсеніш төсеу керек, сонымен бірге оны етпетінен жатқан күйі бақылаусыз қалдыруға болмайды. Сәбидің еңбектей бастағанын мейлінше қолдап, - оған жан-жақты жағдай жасап отыру керек. Бала еңбектей бастағанда-ақ оған диван мен төсектен немесе бөлменің бұрышынан орын босатыл беру қажет. Ол үшін жерге төсеніш жайып, баладай біраз қашықтықта ойыншықтар қойып, ол ойыншыққа дейін еңбектен баруына мүмкіндік жасау қажет. Кейбір ата-аналар баланы жүріп-тұруға үйреткенде, ең алдымен еңбектеуден гөрі құйрығын басып отыруды үйрету маңызды деп есептейді. Бұл дұрыс емес: тәжірибеге қарағанда еңбектеуден бұрын отыруды үйренген бала әлсіз болады, ол етпетінен жатқан күйінде жыл ай береді немесе басын төмен салбыратып, қозғалуға талпыныс жасамайды. Баланы отыруға үйреткенде жан-жағына жастық қоюға болмайды, өйткені бала жастықтың ортасында қозғалыссыз отыра береді, сөйтіп, ол нәрестенің нервтік-психологиялық да- муына әсер етеді. 3 айдан кейін-ақ қарым-қатынас формасын (көру және есту. түйеіктерін, дыбыс реакциясы мен тілі шығуын) өрістету керек. Осы кезеңде нәресте жан-жағын бақылан, көзіне таныс заттарды айыра біледі, оларға қызығушылық көрсетіп, қолына алуға талпынады. Сондықтан балаға формасы мен түр-түсі, үлкендігі әр түрлі ойыншықтар беру керек. Баламен сөйлескенде анық, ұғымды, сөзді бөліп-бөліп, қысқа сөйлесу қажет. 7 айлық бала сөзді ұра бастайды, сондықтан атаған затты балалық өзі ізден табуына үйрету қажет. Сәби осы кезде басқа айтқанды да орындай бастайды: отыруды, тұруды, жатуды, т. б. 6—7 айлық баланың сөзге еліктеуін қалыптастыру керек, балаға қарата сөйлегенде еріннің қимылдарын оған көрсетіп сөйлеген жөн. Бұл баланың ынтасы мен назарын арттырады, сөйлеген сөзді зейін қоя тыңдап, еріндерін жыбырлатады. Ең алдымен баланың назары неге ауса, соны қайталату қажет: түрлі түсті немесе дыбыс шығаратын ойыншықтарды, бөлмедегі кейбір заттарды баланың өзі қайталан, айтқан адамдардың аттарын көбірек атайды. Әр түрлі заттарды арнайы көрсету, олардың атын атау, әрекеттер жасаудың барлығын алдымен ересектердің көмегімен орындал, кейін баланың өзіне орындатудың айрықша маңызы бар («допты бер», «ойыншықтың жатқан жерін көрсет» деген сияқты). Бір жасқа толған баланы сөздің мәнін түсінуге үйрету керек. Соның өзінде сәби сөзді жақсы ұғып, оны қайталай алуға тиіс. Баламен сөйлескенде баланың тілі келіп, оңай айта алатын сөздерді үйреткен дұрыс, сәбидің тіліне еліктеп, ата-ананың өз тілін бұрмалай сөйлеуі, қате сөйлегенін қызықтауы дұрыс емес; тілінің жетілуіне қарай, баланың сақаулануы біртіндеп түзеледі. Балалық ойлайтын, шұғылданатын орны оттан, ыстық жерден аулақ болғаны жөн; баланы қолға алғанда, екі қолмен, денесіне қол батпайтындай етіп ұстау керек

0
түсініктер
Жиі ауыратын балаларды сауықтыру амалдары
Қарау
Еріннің жиі жарылуы және емі
Қарау
Таңғы асқа балаларға беруге болмайтын тағамдар
Құрғақ тағамдар Қант қосылған жүгерінің қауызы мен шоколад түйіршектерін балалар жақсы көреді. Дегенмен құрамында қанты өте көп болғандықтан (363 ккал 100 г) таңғы асқа балаларға берудің қажеті жоқ. Орнына: көкөніс қосылған омлет Цитрусты фреш Жеміс қышқылы асқазан шырышындағы тұз қышықылын еселеп шығаратындығына байланысты күнделікті
Қарау
Аллергиядан зардап шегетіндер үйді қалай жинағаны дұрыс?
Қарау
Ғалымдар 3 жасқа толмаған баламен алыста демалуды құптамайды
Қарау
Газды сусындар 
Қарау
Еріндегі ұшықты қалай емдейді?
Қарау