Жаңа туылған балалардың тамақтануы

 Қазіргі заманға сай білім деңгейі жаңа туылған балалардың тамақтануының ең дұрыс тәсілі – емшек сүті деп табады және бұл тәсіл баланың екі жасқа толуына дейін қолданылып, алты айға толған соң міндетті түрде қосымша тамақтандыруын талап етеді. Ал басқа тамақтану тәсілі организм физиологиялық және дамуына сай келмейді, бірақ емшек сүті уникалдық құрамына қарамастан алты айға толған нәрестенің ұлғая түсетін энергетикалық және қоректік талаптарын қанағаттандыра алмайды. Бұл кезеңнен бастап тамақ құрамы қосымша нәрленуі тиіс. Сонымен қатар емшек сүті нәрестенің негізгі тамағы бола тұра, инфекциялар мен түрлі дерттен қорған болады.


  Жаңа туған балалардың екі жасқа дейінгі тамақтануында мынадай кезеңдер белгіленеді:

  • «0 - 6 айға дейін тек емшек сүті» тәулігіне 8-10 мезгіл;
  • «6-12 айға дейін емшек сүті баланың сұранысы бойынша» тәулігіне 5-6 мезгіл және 3 қосымша тамақтану;
  • «1-2 жасқа дейін» үш негізгі тамақтану (таңертең, түсте, кешкілік) және екі аралық тамақтану.


 Екінші жартыжылдықтан бастап балалар емшек сүтінен басқа қосымша тамақтандыруды талап етеді. Қосымша тамақтану, қосымша энергия, микроэлементтер, дәрумендер, минералдармен нәрлендіруі қажет. Ол баланың өсуіне пайдалы. Көкөніс-жемістерден дайындалған тағамдар шектелмеуі тиіс (суға пісірілген ет, картоп, күріш т.б. тағамдары).
Бірақ алғашқы уақыттарда ас тұзын қолданбаған жөн. Қосымша тамақта неғұрлым қосымша көп болса пайдасы да көп болады. 
Егер бала емшек сүтімен тамақтанса, қосымша тамақтандыру тәулігіне 3 мезгіл болуы керек, ал жасанды тамақтану кезінде тәулігіне 5 мезгіл. 

 Әр тамақтанудың мөлшері баланың жасына сәйкес болуы тиіс:

  • 6-7 айда №10 ас қасық (150 мл)
  • 8-10 айда №12 ас қасық (180 мл)
  • 11-12 айда № 15 ас қасық (225 мл)

 Тағамның қоюлығы қасық бататындай болуы тиіс.
 Алғашқы қосымша тамақ берген кезде ас бір келкі пюре қалпында болғаны дұрыс. 
 Жаңа тағам бір шәй қасық мөлшерінде алғаш рет беріледі, одан кейін көлемі көбейтіледі «Баланың сұранысына байланысты».
 Уақыт өте аздап жемістер, көкөністер, одан кейін ет қосамыз. Жаңа тағам қосу мезгілін созу қажет емес, денсаулығы үшін неғұрлым бала ертерек қосымша тамақтануды игерсе пайдалы. Қосымша тамақтандыру тағамы пюре болуы шарт емес.
 Баланы құмыра-соскамен тамақтандыру дұрыс емес, баланы тамақтандыру үшін жеке ыдыстары болуы тиіс. Бала тамақтандырудан уақытыңызды үнемдемеңіз. Қосымша тамақтар ет, көкөніс, жеміс, дәндер, жұмыртқа, сүт тағамдары, ірімшік, айран болуы тиіс.

 

0
түсініктер
Жүректің үш дұшпаны
Қарау
Балалар үшін ең жақсы 10 тағам 
Қарау
Жүзім қан айналымын қалыпқа келтіреді
Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартатын қасиетке ие. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана білген.   Жүзім адам ағзасына қажетті А, В,С дәрумендеріне, калий, кальций, темір, фосфор сияқты минералдарға және протеиндерге бай. Бұл жемісті көптеген
Қарау
Гигиеналық дағдылар
Қарау
Бананның адам ағзасы үшін 22 пайдасы
Қарау
Жүкті әйелдерге жеу керек
Қарау
Денсаулықты жақсартатын сусындар
Қарау