Мынадай жағдайларда шәй ішуден аулақ болыңыз 

Шәй – көптеген адамдардың ең жақсы сусыны. Қартайған кісілердің шәйға деген құмары тіпті де арта түседі. Бұл ең бастысы оның құрамындағы сергіткіш кофеин заттардан. Дегенмен, мынадай жағдайлар кезінде шәй ішуден аулақ болыңыз. 


  •  Тұмауратып, дене температураңыз көтеріліп, қызып тұрған кезде шәй ішпегеніңіз жөн. Шәйдағы кофеин құрамы сіздің дене температураңызды тіпті де жоғарылатады. Оның үстіне дәрінің күшін жойып жібереді. 
  •  Бауыр ауруына шалыққан адамдардың ең жақсысы шәйді тұтынбағаны жөн. 
  • Жүйке-жүйесі әлсіз адамдар шәйді аз тұтынған жөн. Көбінесе түстен кейін немесе кешқұрым шәй ішуден аулақ болыңыз. Кофеин жүйкені сергітетіндіктен ұйқысыздыққа душар етеді. 
  • Араққа сылқия тойып алып, шәй ішу тіпті де қатерлі. Мас кезде шәй ішу бүйрекке ауыр салмақ түсіреді. Мас кезде шәйдің бүйректі зақымдау қуаты тіпті де арта түседі. 
  • Дәріні шәймен ішуге немесе дәріден кейін шәй ішуге мүлде болмайды. Бұл дәрінің күшін жойып қана қоймай, кофеин құрамы кейбір дәрілермен қосылып, басқа аурулар тудырады. 
  • Қан аздық ауруына шалдыққандар да мүлде шәй ішуге болмайды. Шәй әдетте қанда ерімейтіндіктен ауруды асқындырып жібереді. 
  • Бүйрегіне тас байланған адамдарға да шәй ішуге болмайды екен. 
  • Аш қарында шәй ішуге болмайды. Асқазан сұйықтығының бөлінуіне кері әсер беретіндіктен, ас қорыту жүйелерінің әр түрлі ауруларына душар етеді. Тамақтың алды-артында да шәй ішпегеніңіз жөн. Тамақ ішіліп, 20 минуттан кейін ғана «рахаттанып» отырып, шәй ішуіңізге болады. 
  • Ұйықтар алдындағы екі сағат мөлшерінде мүлде шәй ішпеңіз. 
  • Бізде әдетте түн асқан шәйді тұтына беретін әдет бар. Түн асқан шәй өз құрамын тез өзгертеді. Бұдан абай болған жөн. 
  • Балаларға қанық, қою демделген шәйді ішуге болмайды. Бұл балаларды қан аздық, темір құрамы жетіспеу секілді ауруларға душар етеді. 
  • Егер жүрек ауруыңыз болса, мүлде шәй тұтынбағаныңыз жөн. Шәйдағы сергіткіш кофеин жүрек ритмін тездетіп жібереді.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз 
Қарау
Судың емдік қасиеттері
Қарау
Тар киімнің кесірі
"Сұлулық құрбандықты талап етеді " деген қағиданы желеу етіп, кейбір кезде өзімізді шектен тыс қинап жіберетініміз бар. "Сұлуынан жылуы" деген сөзді біз "Сұлуынан жайлылығы" деп өзгертсек те айып емес. Өйткені, бірінші байлық - әлбетте, денсаулық... Алтын кеңес: Тар киімнен алты ауыл алыс жүріңіз. Тар киім гинекол
Қарау
Кеңседегі денсаулық
Қарау
Адам көңіл-күйінің денсаулыққа әсері
Қарау
Жүз жасауға көмектесетін 7 ереже
Қарау
Жүрекке пайдалы жеміс-жидектер
Қарау